U-15 командамыз Freedom QJ League турнирінің 10-туры аясында өз алаңында «Каспий» U-15 командасын қабылдап, тартысты кездесуді 2:2 есебімен аяқтады.
Алғашқы таймда қонақтар есеп ашып, үзіліске 1:0 есебімен басымдықпен кетті. Екінші таймның басында «Каспий» пенальтиден тағы бір гол соғып, есеп айырмасын екі допқа жеткізді.
Алайда жерлестеріміз мінез көрсетті. 46-минутта Ерасыл Әбілда бір голды қайтарса, матчтың қосымша берілген 80+8-минутында Еркебұлан Алшынбек таразы басын теңестіріп, командасына маңызды бір ұпай сыйлады.
Кездесу өте тартысты өтті. Матч аяқталғаннан кейін ойыншылар эмоцияға ерік беріп, соның салдарынан екі команданың да футболшылары тәртіптік жазаға тартылды. Атап айтқанда, «Тараз» сапындағы Нариман Нұртаза мен «Каспий» ойыншысы Нұрислам Бекежанов қызыл қағаз алды.
Екі доп айырмасымен ұтылып жатып, соңына дейін күрескен U-15 командамыз жігер мен мінездің жарқын үлгісін көрсетіп, өз жанкүйерлерінің алдында маңызды нәтижеге қол жеткізді.
Біздің жігіттер келесі матчын сырт алаңда 19 шілде күні «Қайрат» ФК қарсы өткізеді