Freedom QJ League аясындағы 6-тур ойындарында «Тараз» жасөспірімдер командалары «Тобыл» ФК-мен кездесті. Бұл турда U-16 және U-15 санатындағы командалар өз алаңында өнер көрсетсе, жас санаты үлкен қос ұжым сырт алаңда матчтарын өткізді.

Үйдегі ойындар

Ойын күнін U-15 командаларының кездесуі ашты. Біздің жігіттер матчты сәтті бастап, Ерасыл Әбілдә мен Арнұр Батырбайдың голдарының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Алайда қостанайлықтар таразы басын теңестірді. Кейін Арнұр Батырбай дубль авторы атанып, «Таразды» қайта алға шығарды. Соған қарамастан, қонақтар тағы үш гол соғып, матч 3:5 есебімен аяқталды.

U-16 командамыз жанкүйерлерді қуантты. Кездесудің алғашқы минуттарында Ермұхамед Еркінұлы алаң ортасынан тамаша пас шығарып, Асылжан Сәрсенбек қақпашыны алдап өтіп, есеп ашты. Бұл гол матчтағы жалғыз гол болып, командаға 1:0 есебімен жеңіс сыйлады.

Сырт алаңдағы ойындар

Қостанайда өткен матчтар тартысты өтті. U-17 командамыз тең ойынға жақын болғанымен, соңғы сәтте тең есепті қолдан шығарып алды. Ойын басында алаң иелері есеп ашты, ал екінші таймда Владимир Федотов таразы басын теңестірді. Дегенмен, қосымша уақытта қарсылас шешуші гол соғып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

U-18 командамыз сырт алаңда бір ұпай олжалады. Бірінші таймда алаң иелері алға шыққан еді. Екінші таймда тараздықтардың үздіксіз шабуылдарының нәтижесінде Ремзи Али-Оглыға қарсы ереже бұзылып, пенальти белгіленді. 11 метрлік айып добын Расул Нұрманбай сәтті орындап, есепті теңестірді — 1:1.

Келесі матч

Енді чемпионатта ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзіліс жарияланады. Келесі тур матчтары 13-14 маусым күндері өтеді. Бұл кездесулерде «Тараз» командалары ҚФФ академиясы мен «Атлетико» ұжымдарына қарсы алаңға шығады.

Командаларымызға алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!

«Тараз» футбол командасы жаңа маусымға дайындық аясында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жуырда оны аяқтады. Осыған байланысты біз команданың бас бапкері Руслан Эсатовпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

Алғашқы оқу-жаттығу жиыны туралы және оның қорытындысы туралы не айтасыз?

Алғашқы оқу-жаттығу жиыны ең алдымен функционалдық бағытта өтті. Негізгі мақсат – футболшыларды демалыстан кейін оңтайлы физикалық жағдайға қайта келтіру болды.

Екінші маңызды мақсат – жергілікті футболшылар мен жастарды қарау. Федерация регламентіндегі өзгерістерге және лимиттік ойыншылардың жас шегінің ұлғаюына байланысты біз үшін жергілікті жас ойыншыларға ерекше көңіл бөлу аса маңызды болды. Осы бағыттағы жұмыстарға аталған жиын арналды.

ОЖЖ аясында үш матч өткізілді. Алғашқысы –ішкі матч, яғни футболшылар өзара ойнады. Себебі команда құрамында ойыншылар саны көп болды және олардың мүмкіндіктерін жан-жақты бағалау қажет еді.

Екінші матч Шымкент қаласында «Оңтүстік» командасына қарсы өтті. Бұл ойын жергілікті ойыншылар мен жаңадан қосылған футболшылардың дайындығы жағынан жақсы әсер қалдырды.

Жалпы алғанда, жиын біз жоспарлағандай өтті: функционалдық және жергілікті ойыншыларды қарауға бағытталды. Алдағы уақытта да негізгі басымдық жергілікті футболшыларға беріледі.

Тараз – қазақстандық футбол таланттарының ордасы екенін ұмытпауымыз керек. Бұл таланттар бұрын да болған, қазір де бар және болашақта да Таразда бола береді. Сондықтан бұл жиын сол таланттарды анықтау және бағалау мақсатында өткізілді. Қазіргі таңда белгілі бір қорытындылар жасалды, бірнеше жергілікті футболшы бақылауға алынды, алдағы уақытта оларға ерекше назар аударылады.

Екінші оқу-жаттығу жиынында қарау жұмыстары бұдан да мұқият жүргізіледі. Ал шақырылған футболшыларға келер болсақ, олар да өте жақсы әсер қалдырды – сапалы орындаушылар.

Біз команда алдында тұрған міндетті жақсы түсінеміз. Ол – премьер-лигаға шығу.

«Тараз» футбол клубы Бірінші лигада тым ұзақ уақыт бойы өнер көрсетіп келеді. Мұндай тарихы мен атағы бар клуб Қазақстан премьер-лигасында бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Біз соны қалаймыз, ал клуб басшылығы ең жоғары мақсаттарды қойып, сол жолда барлық қажетті шараларды атқаруда.

Құрамды жасақтау және күшейту туралыойыңызбен бөліссеңіз...

Қазіргі таңда шамамен 20 футболшымен жаңа келісімшарттарға қол қойылды. Команданы позициялар бойынша жасақтауға келсек, бүгінгі күні әр позицияда екі ойыншыдан бар деуге болады. Бұл команда ішінде салауатты бәсекелестік қалыптастырады – жергілікті футболшылар арасында да, шақырылған ойыншылар арасында да.

Ойыншылардың есімдерін атай алмаймын, алайда айта кетерлігі – әр позиция бойынша қаралымда әрі жергілікті, әрі шақырылған футболшылар бар. Біздің мақсат – әрбір ойыншы өз деңгейін дәлелдейтін бәсекелі орта қалыптастыру.

Шақырылған футболшылардың барлығы жақсы әсер қалдырды. Дегенмен, клубта аналитикалық бөлім бар және өткізілген матчтардан кейін ойындар міндетті түрде жан-жақты талданады. Қазіргі уақытта толық талдау әлі аяқталған жоқ.

Барлық аналитикалық мәліметтер жиналып, әр футболшы қайта қаралады. Екінші оқу-жаттығу жиынына дейін кімдер командамен жұмысын жалғастыратыны, ал кімдердің клубтан кететіні белгілі болады.

Келесі оқу-жаттығу жиыны туралы айтып өтсеңіз

Келесі оқу-жаттығу жиыны да Тараз қаласында өтеді. Біз тағы бір 10 күндік жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның барысында футболшыларды қайта қарап, алдыңғы кезеңде назардан тыс қалған ойыншыларға көңіл бөлуіміз мүмкін.

Бұл кезеңде біз үшін ойыншыларды және ұсақ-түйек деп көрінген, бірақ кейбір тұстарды тағы бір мәрте мұқият бағалау өте маңызды.

Клуб басшылығы команданың жайлы жағдайда дайындалуы үшін бар күшін салуда. Қазіргі уақытта келесі жиындарды ұйымдастыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде команданың Түркияға бару мүмкіндігі де қарастырылуда. Ол жерде бізді мықты қарсыластар күтеді. Бұл командаға өз деңгейін тексеруге және чемпионатқа сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Осылайша, алдағы 10 күнді Таразда өткіземіз, ал шамамен 10-15 ақпан аралығында команда толыққанды оқу-жаттығу жиынына аттануы мүмкін.

Жерлесіміз, 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының чемпионы, қазақ футболының аңызы, QJ League спорттық сараптама бөлімінің маманы – Евгений Яровенконың өзі Freedom QJ League U16 лигасының шілде және тамыз айларының ең әсерлі, жанкүйерлерді тамсандырған голдарының авторлары – Алижан Жанат пен Дастан Есенаманға арнайы марапаттарын табыс етті.

Құттықтаймыз, жігіттер! Алдағы уақытта да осылай биіктерді бағындыра беріңдер!

«Тараз» футбол клубының ұжымы футбол орталығының бейне-операторы, әріптесіміз Рамзан Пучаевтың өмірден озғанын асқан күйзеліспен хабарлайды.

Рамзан Вахидович өзінің еңбегімен, жанқиярлығымен, футболға деген сүйіспеншілігімен клуб тарихында ерекше із қалдырды. Әрқашан еңбекқорлығымен, адамгершілігімен, жайдарлы мінезімен ерекшеленді.

Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

«Тараз» футбол орталығының базасында қыздар командасына арнап арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Клуб құрылымындағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі қызметкер Айгүл Тлеулина және Жамбыл облысы Полиция департаментінің бас маманы Айдар Жуандыков жас спортшыларға құқық бұзушылықтың және суицидтің алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, соңғы уақыттағы оқиғаларға талдау жасалды. Шараның негізгі мақсаты – жас спортшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын насихаттау.

Бірінші лига командалары арасындағы чемпионаттың 22 туры аясында «Тараз» «Ақтөбе» командасымен сырт алаңда кездесті.

Екі команда арасындағы ойын алғашқы минуттарда саябырлау басталды. Дегенмен бірінші тайм соңына қарай алаң қонақтары қарқынын үдетіп, ұрымтал тұста Мерей Жамбыл қақпашыдан айласын асыра алды – 0:1.

Екінші тайм басында бірден қақпаға лап берген жамбылдықтар есепті еселеп үлгерді. Мерей Жамбылдан пас қабылдаған Еркебұлан Тойбеков мергендігімен көзге түсті – 0:2.

Кездесу аяқталуға санаулы сәттер қалғанда алаңға тыңнан қосылған футболшылар – Абзал Мұқамбетжанов пен Санжар Кемелбек тағы бір-бір голдан соғып, команда ірі ессеппен жеңіске жетті.

Сонымен «Тараз» 28 ұпаймен турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Келесі матч 26 қыркүйек күні «Орталық» стдионда өтеді. Өз алаңымызда алматылық «Қайрат» командасының жастарын қабылдаймыз.

Бүгін, 15 тамыз, «Тараз» ФК негізгі ұжымының, QJ League мен қыздар командасының ойыншылары қала ішінде орналасқан қаңғыбас иттерді асырайтын мекемелердің біріне барып қайтты.

«Meirimdi BALL» жобасы аясында ұйымдастырылған қайырымды шараға демеушілер көмегімен иттердің тамағы алынып, мекеме қызметкерлерінің қолына табысталды.

Жалпы аталған мекемеде дәл қазіргі сәтте 80-ге жуық ит тізімге тіркелген екен. Олардың басым бөлігі өз иесінің мейірімінен ажыраған.

«Тараз» ФК осы игі іс арқылы қоғамның қаңғыбас иттерге көзқарасын өзгертіп, төрт аяқты жануарларға мейірімділік көрсетуді көздеді.

Айтпақшы, клуб тарапы тек қаңғыбас иттерге ғана көңіл бөлмей, оларды мекемеде күтіп баптап, денсаулығын бақылап жүрген қызметкерлерге де құрмет көрсетті. Ал бұл мақсатта пицца мен салқын сусын таратуға қолдауын көрсеткен Paksushi Taraz бен RCCola_Tarlan брендіне өз алғысымызды жеткіземіз. Қаржылай көмек көрсеткен Tarpal Company мен Life Football дүкеніне де көп рақметімізді айтамыз!

Айта кетейік, бұл қайырымды шара 16 тамыз - Халықаралық үйсіз қалған жануарлар күніне орай, ұйымдастырылды.

meirimdi ball #tarazfc #paksushi_taraz #tarlan company #rccola_tarlan

✅ РЕСМИ: Нұрмат Мирзабаев «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті.

🤝 Клуб ұжымы Нұрмат Нарманұлына атқарған еңбегі мен қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

➡️ Келесі матчқа команданы бас бапкердің көмекшісі Азиз Анарметов дайындайды.

🔜 Нұрмат Мирзабаев клубтағы жұмысын QJ League командаларының координаторы ретінде жалғастыра бермек.

 

 

 

Жасыл алаңдағы жүздесуде Серік Жақсылықұлы командаға жан-жақты қолдау жасалатынын жеткізді

Спортшылардың жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантып, жақсы көрсеткіштерге ұмтылу керектігін айтты

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарымен өткен басқосуда бірқатар мәселелер көтерілді. Кездесу барысынба алдағы уақытта «Орталық» стадионына жөндеу жұмыстарын жүргізу, алаңды автоматты суғару жүйесіне көшіру, арнайы базаны футбол клубына меншіктеп беру, жоғары лигаға шығу тақырыптары сөз болды.

Спортшылар да алаңда барынша нәтижелі ойнауға тырысатынын айтты. Клуб басшылығы футболшылар үшін қосымша қолдау көрсету туралы жан-жақты шаруалар атқарылып жатқанын, сонымен қатар қаржылық мәселелерді шешу амалдары қарастырылу үстінде екенін жеткізді.

Кездесу соңында Серік Жақсылықұлы командаға сәттілік тіледі
#fctaraz

Бірінші лиганың 13 туры шеңберінде Алматы қаласындағы «Жас Қыран» стадионында жергілікті «Акас» командасымен кездесу өткізді.

Матчтың алғашқы таймы алаң иелерінің басымдылығымен өтті. Төреші ысқырығы шалынған сәттен бастап қыспаққа алып, ойынның 3 минутда есеп ашты. Командалар алма кезек шабуылдар ұйымдастырғанымен тайм соңына дейін есеп өзгеріссіз тұрды. Тек 40 және 43 минуттарда екі гол соғып, есеп 3:0 жетті.

Екінші таймды «Тараз» ойыншылары белсендірек болып, матч тізгінін өз қолына алды. Бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, ұрымтал тұстың бірінде Мүслім Жұматтың соққысын Санжар Кемелбек қақпаға бағыттай білді.

Екінші тайм орта тұсынан асқанда тыңнан қосылған футболшылар бірнеше сәтті тиімді жүзеге асыра алмады. Одан соң ойын есебі өзгермей, 3-1 болып аяқталды.

«Тараз» келесі матчты «Акадамия Оңтүстік» командасымен өткізеді. Кездесу 18 шілде күні «Орталық» стадионында болады.