QJ League – Жасөспірімдер лигасының 2-тур матчтарының нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз:

«Тараз»-U16 – «Ертіс»-U16 1:0
Гол авторы: Бекнұр Талғатов

«Тараз»-U17 – «Ертіс»-U17 2:5
Гол авторлары: Мухаммет Шукуралиев, Айдын Анарқұл

«Тараз»-U18 – «Ертіс»-U18 1:2
Гол авторы: Азамат Калмухамбет

Командаларымыз турнирдегі келесі кездесуін 4 мамыр күні сырт алаңда елордалық «Астанаға» қарсы өткізеді.

«Тараз» футбол клубының «Мейірімді BALL» жобасы аясында QJ League катысушысы «Тараз» U-18 және WU-17 командасының, ойыншылары «Қамқор жүрек» жетім жене мүмкіндігі шектеулі балаларга, жалғыз басты аналарта кемек керсету орталыгына барып, жеткіншектерге шеберлік сыныбын еткізіп, сый-сияпат ұсынды.

Бұл жасөспірім балалардың өмірге құлшынысын арттырып, спортқа деген ынтасын ашу максатында қолға алынуда. Мұндай сипаттагы қайырымдылық іс-шаралары клуб тарапынан жыл басынан басталып, үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасын табады.

Бұл іс-шара «Райский сад» компаниясымен бірлесе атқарылды. Арнайы мамандар түрлі гүлдерді отырғызу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

«Қамкор жүрек» орталығында қазіргі кезде 50-ден аса балалар тербиеленуде. Айта кетейік, өткен айда футболшылар Қ.Сарымолдаев атындағы Nº1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін ойын-сауық орталығына апарып, түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырып, сыйлықтар табыстаған болатын.

#МейірімдіBALL #FCTaraz

Freedom QJ League турнирінің U-18 санатында бақ сынасатын командамыздың жаңа маусымға арналған құрамын сілтемеге өту арқылы біле аласыздар! Тізімге жалпы алғанда 26 футболшы енді. 

Командамыз алғашқы ойынын 19 сәуір күні сағат 18:00-де ақтаулық "Каспиге" қарсы сырт алаңда өткізеді.

“Тараз”-U18 командасының 2025 жылға арналған құрамыI

 

 

Нұркен Мәзбаев баптайтын Тараз командасы Бірінші лиганың алғашқы туры аясында "Жетісайды" қабылдап, 1:2 есебімен жеңілді. 

Матч барысында біздің команда сапынан 39' минутта шабуылшы Әлішер Сүлей қақпашымен жекедара шығып, допты қақпаға дәл бағыттады. Сол арқылы клубтың осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Бірақ соған қарамастан, қарсылас екінші таймда екі рет нәтижелі шабуыл жасады. Осылайша қарсылас таблодағы есепті 1:2 өзгертіп, ойын тағдырын өз пайдасына шешті. 

Келесі турда жамбылдықтар 18 сәуір күні "Оңтүстік Академиясымен" кім мықтыны анықтайды.

«Тараз» футбол клубының легионер ойыншылар алдындағы жинақталған қарызы толық өтелді. Ресми түрде ФИФА тарапынан салынған трансферлік тыйым алынды.

Осылайша командаға басқа клубтардан футболшылар қосуға жол ашылды. 

#fctaraz

“Тараз” ФК негізгі ұжымы “A-Status” мектебінің тәлімгерлері үшін шеберлік сағатын өткізді. Дәлірек айтқанда, командамыздың ойыншылары Диас Лесбек, Мирас Жақсымбетов пен Улугбек Хайтмуратов өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында футболшыларымыз оқушыларға сый ретінде қолтаңбасын қалдырды. Аталмыш іс-шара жас балаларға ұмытылмас эмоция сыйлап, кәсіби футболшылармен бірге доп тебуге мүмкіндік туғызды.

“Тараз” футбол командасы Қазақстан Кубогының алдын-ала іріктеу кезеңі аясында қаратаулық "Талас" клубымен бақ сынасты.

Эльвира Нұрмұстафина қазылық еткен матчта гол болмады. “Тараз” командасы біраз шабуыл жасап қарсыласты қыспаққа алғанымен, көздеген нәтижесіне қол жеткізе алмады. Команда сапынан ойында капитан Ерасыл Кеулімжай, Темірлан Төребек және Бекмұрат Хайтмуратов қауіпті соққыларымен көзге түсті. Алайда “Талас” қақпашысы Тәуіржан Кувантқанов өз командасын голдан аман сақтап қалды. Соның арқасында қарсылас команда ойыннан кейінгі пенальтилер сериясына дейін жетті.

11-метрлік айып добын орындауда "Талас" командасының ойыншылары мергендігімен көзге түсті. Командадан тек бір ойыншы ғана Еркебұлан Рахметулладан айласын асыра алмады. Бірақ “Тараз” қақпашысының қайтарған бір соққысы жеңіс үшін жеткіліксіз еді… Себебі, матч барысында әуел-баста үздік деп танылған Тәуіржан Қувантқанов тарихы сонау 1960 жылы бастау алған команданың қос бірдей пенальтиін тойтарды. Сөйтіп, Қаратау ұжымы алдын-ала іріктеудің келесі кезеңіне өтті.

Бүгін, 8 наурыз күні, “Тараз” футбол клубы негізгі және U-16 команда футболшыларының қатысуымен MART сауда мен ойын-сауық орталығында нәзікжандылар үшін арнайы іс-шара өткізді.

Мерекелі жиында клубымыздың аяқдопшылары қаламыздың ең үлкен сауда нүктесінің кіреберіс дәлізіне төселген қызыл кілем арқылы жүріп өткен қыз-келіншектерге гүл шоғын табыстап шықты. Одан кейін футбол атрибуттарын қолдану арқылы импровизациалы кедергілер алаңы құрылып, орталыққа келген нәзікжанды келушілер арасында байқау ұйымдастырды. Бақ сынап көремін деген қыз балалары үш тапсырмадан тұрған түрлі сынақтардан өтті. Өзің жақсы қырынан көрсеткендерге сыйлықтар берілді. Арасында футбол орталықтың қыздар командасының ойыншылары да шеберлігін көрсетіп, берілген тапсырмаларды мүдірмей орындап шықты. Осылайша, бір сағатқа созылған мерекелік жиын ару жандардың шат-шадыман көңіл-күйге еніп, естелік сыйлықтарға олжалы боп қайтуына сеп болды.

Осынау шараны ұйымдастыруда қолдау көрсеткен барша демеушілерімізге алғысымызды айтамыз!

Әлеуметтік желіде «Тараз» футбол клубы ойыншылары қараша айынан бастап жалақы алмай келе жатқаны, клуб базасында тамақтануды тоқтатқаны туралы, сонымен қатар қаржы үнемдеу мақсатында футболшылармен тек ақпан айынға ғана келісім шарттар жасала бастады деп жалған ақпарат жариялануда. Осыған байланысты төмендегіні хабарлаймыз:

-Клуб 2024 жылдың қорытындысы бойынша бірде бір футболшы мен қызметкерге жалақыдан қарыз болған жоқ.

-Оқу-жаттығу жиындары кезінде футболшыларға тиісті тамақтану мүлдем үзілген емес. Тараз қаласы мен Түркістан қаласында өткен ОЖЖ-да тамақтану процессі толық жүргізілді. Әрі қарай жалғаса береді.

-Клуб былтыр үш ойыншымен екі жылдық келісім шарт жасаған болатын. Олар – Димаш Серікұлы, Нұрдәулет Орынбасар және Абзал Мұқанбетжанов. Жалпы футболшылардың басым көпшілігімен қаңтар айында келісім жасалды. Ал ақпан айында келісім шартқа отырған футболшылар ОЖЖ кезінде қаралымда болды. Биыл 15 футболшымен екі жылдық, 9 ойыншымен бір жылдық келісім шарт жасалған. Бір ойыншы, Арсен Әшірбек футбол маусымының соңына дейін өзге клубқа жалға берілді.

Түркістандағы оқу-жаттығу жиыны аясында біздің команда «Екібастұз» командасымен жолдастық кездесу өтті.

Матч 2:2 есебімен аяқталды. «Тараз» сапынан Диас Лесбек пен Али Әбіш гол авторы атанды.

Қос таймда толық екі түрлі құрам ойнады. Гол соғатын мүмкіндіктер мол болғанымен, шабуылды сәтті аяқтау кем болды.

— Осымен кезекті ОЖЖ аяқталды. Жиын қорытындысы бойынша жаңа ойыншылармен толығу мәселесін ақылдасатын боламыз, - деді бас бапкер Н.Мазбаев

Үш күн үзілістен соң маусымға дайындық Таразда жалғасады.