СПОРТТЫҚ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Тараз» футбол клубының спорттық директоры болып Қазбеков Ғабит Еркінбекұлы тағайындалды. Ол 1972 жылы Талас ауданында дүниеге келген. 2013 жылы «Тараз» футбол клубында спорттық директор, 2017-2019 жылдары директордың орынбасары, 2020 жылы атқарушы директор қызметтерін атқарған.
2024 жылы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жетекшісінің орынбасары болды.
Клуб басшысы бірінші кезекте команда ойыншылармен кездесті
Клуб басшысы Мұрат Агибаев команда ойыншылары және бапкерлік құраммен танысты.
– Қазір қаржылық мәселелер бар екенін білемін. Оны жыл соңына дейін толық шешуге тырысамыз. Келесі маусымда жоғары лигаға шығуды мақсат етеміз. Футболшыларымызға барынша көмектесуге дайынмын. Сіздерден тек оң нәтиже күтеміз, - деді Мұрат Жұмақожаұлы.
«ТАРАЗ» КЛУБЫНДА ЖАҢА БАСШЫ
Агибаев Мұрат Жұмақожаұлы «Тараз» кәсіпқой футбол клубының директоры болып тағайындалды. Ол 1986 жылы дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстан футбол федерациясында маман, 2019 жылы бас маман болды. 2023-2025 жылдары федерацияда спорттық департамент директоры, футбол лигасының спорттық директоры қызметтерін атқарды.
ҚФФ президентінің, Қазақстан футбол лигасы президентінің «Футболды дамытуға қосқан үлесі үшін» грамотасымен, коронавирус дерті өршіп тұрғанда біріншілікті тиянақты ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін арнайы грамоталарымен, «Қазақстан футболына 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Мұрат Жұмақожаұлы өзінің мақсат жоспарларымен бөлісті. Командаға инвестор тарту арқылы жыл аяғына дейін барлық қарызды толық өтеуді көздейді. Келесі маусымды қарызсыз бастап, премьер лигаға шығуды мақсат етеді. Жазғы трансферлік кезеңде өзге клубтардағы Тараздан шыққан футболшылар командаға шақырылатын болады. Сонымен қатар, Футбол орталығын инвестор тарту арқылы спорттық құрал-жабдықтар қамтып, экипировка алу, манеж соғу жоспары бар. Спортшыларға арнайы дәрі-дәрмектер, дәрумендер алынатын болады.
Жаңа басшы демеуші және серіктес болуға ниетті ұйымдарға әрқашан ашық екенін хабарлайды.
«Тараз» командасы келесі кездесуін Алматыда өткізеді
Командамыз Бірінші Лиганың 7-туры аясында алматылық «Хан-Тәңірі» клубымен кім мықтыны анықтап көрмек. Аталған кездесу 23 мамыр күні сағат 16:30-да өтеді деп жоспарланған.
Жалпы Нүркен Мәзбаев баптайтын команда 6-тур қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, турнирлік кестеде 8 орында келеді. Команданың ертеңгі қарсыласы «Хан-Тәңірі» де 7 ұпай жинап, бір саты төменге жайғасқан.
«Тараз» U-18 командасының жартылай қорғаушысы Ілияс Абдрахи «Тобылға» қарсы кездесуден кейін өз пікірін білдірді
«Тараз»-U18 ойыншысы Ілияс Абдрахи «Тобыл»-U18 командасына қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:
-Бұл ойын біз үшін қиынға түсті. Бапкерлердің нұсқауларын толық орындай алмағандықтан, жеңіске жете алмадық. «Тобыл» – мықты қарсылас, оларға матч үшін алғысымды айтамын!
Айта кетейік, Ілияс қостанайлық «Тобылға» қарсы кездесуде гол соғып, өз командасының есепті теңестіруіне жағдай жасаған болатын.
QJ LEAGUE ТУРНИРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТІП ЖАТҚАН КОМАНДАЛАРЫМЫЗДЫҢ СОҢҒЫ ОЙЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
QJ League – Жасөспірімдер лигасының 5-тур матчтарының нәтижелері:
«Тобыл»-U16 – «Тараз»-U16 0:2
Гол авторлары: Дамир Батырбек, Ерасыл Мырзахмет;
«Тобыл»-U17 – «Тараз»-U17 1:0
«Тобыл»-U18 – «Тараз»-U18 2:2
Гол авторлары: Ералы Тұңғыш, Ілияс Абдрахи
Әлішер Сүлей - Бірінші Лиганың сәуір айындағы үздік ойыншысы атанды
"Тараз" ФК шабуылшысы Әлішер Сүлей - Бірінші Лиганың сәуір айындағы үздігі атанды. 29 жастағы ойыншы клубтың өткен айда өткізген 3 кездесуінің 2 гол соқты.
Жалпы Әлішер Сүлей маусым басталғалы бері чемпионатта 6 ойын өткізіп, соның 4 мергендігімен көзге түсті.
Командамыздың сөзсіз көшбасшысы Әлішер Сүлейді үздік атануымен құттықтаймыз!
QJ League турнирінде өнер көрсетіп жатқан командаларымыздың соңғы ойындағы нәтижелері
QJ League – Жасөспірімдер лигасының 3-тур матчтарының нәтижелері:
«Астана»-U16 – «Тараз»-U16 1:0
Гол авторы: Абылай Тоқтасын
«Астана»-U17 – «Тараз»-U17 1:0
«Астана»-U18 – «Тараз»-U18 2:2
Гол авторлары: Ералы Тұңғыш, Әли Әскербеков(өз қақпасына)
QJ League турнирінде өнер көрсетіп жатқан командаларымыздың соңғы ойындағы нәтижелері
QJ League – Жасөспірімдер лигасының 3-тур матчтарының нәтижелері:
«Астана»-U16 – «Тараз»-U16 1:0
Гол авторы: Абылай Тоқтасын
«Астана»-U17 – «Тараз»-U17 1:0
«Астана»-U18 – «Тараз»-U18 2:2
Гол авторлары: Ералы Тұңғыш, Әли Әскербеков(өз қақпасына)