Freedom QJ League U-16 біріншілігінің 10-туры аясында «Тараз» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдап, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу қонақтардың белсенді басталуымен өрбіді. 31-минутта «Каспий» есеп ашқанымен, тараздықтар көп күттірмей жауап қайтарды. 35-минутта Нұржан Құдайберген айып алаңында қарсылас қорғаушысының ереже бұзуына мәжбүр етті. Белгіленген пенальтиді Алишер Бауыржанұлы сенімді орындап, есепті теңестірді. Осылайша командалар үзіліске 1:1 есебімен аттанды.

Екінші таймда ауа райы ойын барысына айтарлықтай әсер етті. Толассыз жауған нөсер жаңбыр мен найзағайға байланысты кездесу шамамен 10 минутқа уақытша тоқтатылды. Матч қайта жалғасқаннан кейін бұл үзіліс қонақтар үшін тиімді болып, олар ойын қарқынын өз қолдарына алды.

«Каспий» 70, 73 және 76-минуттарда үш мәрте мергендік танып, кездесудің тағдырын шешті. Өкінішке қарай, «Тараз» қорғанысы стандартты жағдайлардан жіберілген үш голдың алдын ала алмады.

Біздің жігіттер келесі матчын сырт алаңда 19 шілде күні «Қайрат» ФК қарсы өткізеді