Freedom QJ League U-17 чемпионатының 10-туры аясында «Тараз» U-17 командасы Ақтауда жергілікті «Каспий» клубымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліске ұшырады.
Айта кетерлігі, бұл кездесу бастапқы күнтізбе бойынша 3 шілдеде емес, 2 шілдеде өтуі тиіс болатын. Кейін матчтың өткізілетін күні өзгертілді.
Сондай-ақ бұл ойын Freedom QJ League тарихындағы ерекше матчтардың біріне айналды. Кездесу таңғы 09:00-де басталып, лига тарихындағы ең ерте басталған ресми матч ретінде тіркелді. Бұған дейін чемпионатта бірде-бір ойын мұндай ерте уақытта өтпеген.
Ойынның басында алаң иелері бірінші минутта есеп ашқанымен, «Тараз» жігер танытып, бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда таразы басын теңестірді. 38-минутта Шыңғыс Қайрат қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті 1:1-ге жеткізді.
Екінші таймда қос команда жеңіс үшін тартысты ойын көрсетті. Алайда 64-минутта «Каспий» тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, жеңіс голын соқты. Қалған уақытта тараздықтар есепті теңестіруге тырысқанымен, матч есебі өзгеріссіз қалды – 2:1.
Біздің жігіттер келесі матчын өз алаңымызда 19 шілде күні «Қайрат» ФК қарсы өткізеді