Freedom QJ League чемпионатының 10-туры аясында «Тараз» U-18 командасы Ақтауда жергілікті «Каспий» U-18 ұжымына қарсы кездесу өткізіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл кездесуде команда бірнеше негізгі ойыншысынсыз алаңға шықты. Орталық қорғаушы Ғалымжан Оразалиев өткен турда «Ордабасыға» қарсы ойында қызыл қағаз алғандықтан, матчты өткізіп жіберді. Ал команданың негізгі ойыншыларының бірі Алан Ерболұлы жарақатына байланысты Ақтауға бара алмады.

Алаң иелері бірінші таймның қосымша уақытында есеп ашса, үзілістен кейін тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Алайда тараздықтар көп ұзамай жауап қайтарды. Матчтың 53-минутында Мухаммет Шукуралиев алыстан дәл әрі қуатты соққы жасап, қарсылас қақпашысын қапы қалдырды. Бұл – оның қатарынан екінші матчта алыстан соққан әсем голы болды.

Кездесудің қалған бөлігінде «Каспий» тағы бір гол соғып, ойын тағдырын түбегейлі шешті. Қорытынды есеп – 3:1. 

Айта кетерлігі, Шукуралиев осы матчтан кейін Freedom QJ League All Star құрамасының оқу-жаттығу жиынына аттанды. Қазақстанның үздік жас футболшыларынан жасақталған құрама 11 шілде күні Алматыда Германияның әйгілі «Боруссия» Мёнхенгладбах академиясына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

Бастапқыда бұл құрамға Алан Ерболұлы шақырту алған болатын. Алайда алған жарақатына байланысты ол жиынға қатыса алмайды. Оның орнына ұлттық жоба ұйымдастырушылары Мухаммет Шукуралиевті шақыру туралы шешім қабылдады.

Біздің жігіттер келесі матчын өз алаңымызда 19 шілде күні «Қайрат» ФК қарсы өткізеді