Freedom QJ League чемпионатының 22-туры аясында «Тараз» U-17 командасы Алматы қаласында жергілікті «Қайрат» ұжымымен кездесті.
«Тимур Сегізбаев» стадионында өткен матчта алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің алғашқы таймының соңына қарай алматылықтар екі гол соқты. 34-минутта Алихан Ахилбаев есеп ашса, араға үш минут салып Мухаммад Нуров есеп айырмасын арттырды. Осылайша, командалар үзіліске «Қайраттың» 2:0 есебіндегі басымдығымен аттанды.
Екінші таймда да алаң иелері шабуылдарын жалғастырды. 60-минутта Тамерлан Сарсымбаев үшінші голды соқты. Ал матчтың 90+1-минутында Нұрхад Нурымов кездесудің қорытынды есебін белгіледі