МУХАММЕТ ШУКУРАЛИЕВ КӘСІПҚОЙ ФУТБОЛДА ДЕБЮТ ЖАСАДЫ!
U-18 командамыздың ойыншысы Мухаммет Шукуралиев клубымыздың жастар командасы сапында кәсіби футболдағы алғашқы матчын өткізді!
17 жастағы жартылай қорғаушы Екінші лиганың 14-туры аясында өткен «Ордабасы» ФК жастар командасына қарсы кездесудің 69-минутында Айбек Оксикбаевты алмастырып, алаңға шықты.
Дебютант алаңға шыға салысымен, шабуылға тың қарқын қосып, 90+3 минутта қарсылас ойыншысын қызыл қағаз алуға мәжбүрледі.
Осылайша Шукуралиев кәсіби футболдағы дебютін жасап, мансабындағы маңызды белесті бағындырды.
Мухаметті айтулы оқиғамен құттықтап, алдағы футбол жолында толағай табыс тілейміз!
QJ LEAGUE ALL STAR ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Алматы қаласында Freedom QJ League ұйымдастырған дәстүрлі QJL All Star жұлдыздар матчы өтті. U-18 санатындағы лиганың үздік ойыншыларынан жасақталған Қазақстан құрамасы Германияның атақты «Боруссия» (Менхенгладбах) академиясының тәрбиеленушілерімен кездесіп, негізгі уақытта 0:0 есебімен тең түсіп, матчтан кейінгі пенальти сериясында 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Аталған кездесуге «Тараз»-U18 командасының ойыншысы Мухаммет Шукуралиев шақырту алып, QJL All Star құрамасының сапында болды. Бұл жолы жерлесіміз қосалқы құрамда қалып, алаңға шықпады.
Матчтан кейін Мухаммет мұндай шараға қатысудың өзі үлкен тәжірибе болғанын атап өтті.
«QJL All Star құрамасындағы атмосфера өте жоғары деңгейде болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік футболшылармен танысып, жаңа достар таптым. Мұндай орта әр ойыншыға үлкен мотивация береді. Қарсыласымыз да өте жоғары деңгейдегі команда екендігін көрсетті. Осындай матчтардың жас футболшылардың дамуына берері мол», – деді Мухаммет Шукуралиев.
«Тараз» футбол клубы Мухаммет Шукуралиевті QJL All Star құрамасына шақыртылуымен құттықтап, алдағы спорттық жолында жаңа жетістіктер тілейді.
ШУКУРАЛИЕВ В QJL ALL STAR
Игрок команды «Тараз»-U18 Мухаммет Шукуралиев продолжает подготовку в составе команды QJ League ALL STAR к товарищескому матчу против академии немецкой «Боруссии Мёнхенгладбах».
В эти дни команда, собранная из лучших игроков Freedom QJ League проводит учебно-тренировочный сбор в Алматы. По итогам подготовки команда выйдет на поле 11 июля, где встретится с одной из сильнейших футбольных академий Германии.
В текущем сезоне Freedom QJ League Шукуралиев провел 9 матчей, забил 4 мяча и отдал 2 результативные передачи. Приглашение в состав QJ League ALL STAR стало признанием его успешного выступления в чемпионате.
Мухаммет Шукуралиев:
-Очень рад оказаться здесь и представлять футбольный клуб «Тараз» в составе QJL ALL STAR. С первых дней сборов чувствуется высокий уровень организации, все ребята сильные, поэтому тренировки проходят очень интенсивно. Мы быстро нашли общий язык и сейчас полностью сосредоточены на подготовке к матчу. Сделаем все возможное, чтобы достойно представить Казахстан, наш клуб и показать хороший футбол.
АНАТОЛИЙ БЕЛЬСКИЙДІҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ
U-16 командамыздың бас бапкерінің көмекшісі Анатолий Бельский өз алаңымыздағы «Каспий» ФК қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:
-Жіберіп алған голдардың барлығына өзіміз себепші болдық. Бұндай сәтте бірдеңе айту өте қиын. Жеңіске жетуге болатын матч еді, бірақ, стандартты шабуылдан үш гол жіберіп алдық
ӘЛІШЕР БАУЫРЖАНҰЛЫНЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ
U-16 командамыздың ойыншысы Әлішер Бауыржанұлы өз алаңымыздағы «Каспий» ФК қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:
-Ойын туралы қазір ештеңе айта алмаймын, тек қарсыласты жеңісімен құттықтаймын.
ҚАРАСАЙ ЖҰМАҒҰЛДЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ
U-15 командамыздың бас бапкерінің көмекшісі Қарасай Жұмағұл өз алаңымыздағы «Каспий» ФК қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:
-Өте тартысты, қызықты ойын болды. Соңғы сәтте есепті теңестіре алдық. Өз алаңымызда ойнағандықтан, жеңісті жұлып алуға да болатын еді. Мүмкіндіктеріміз көп болды, бірақ, қателіктеріміз де аз емес
ЕРКЕБҰЛАН АЛШЫНБЕКТІҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ
U-15 командамыздың ойыншысы Еркебұлан Алшынбек өз алаңымыздағы «Каспий» ФК қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:
-Матч барысында 0:2 есебімен жол беріп тұрғанымызбен, жамбылдық мінездің арқасында бір ұпай еншіледік. Соққан голымды отбасыма арнаймын
БЕКТАС НҰРДӘУЛЕТТІҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ
U-18 командамыздың бас бапкерінің көмекшісі Бектас Нұрдәулет сырт алаңдағы «Каспий» ФК қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:
-Біздің жігіттер матч алдындағы нұсқаулықты орындай алмады. Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын, олар бізге қарағанда жеңіске көбірек жеткісі келді деп ойлаймын
ДАНИЯР БАЙМАХАННЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ
U-18 командамыздың ойыншысы Данияр Баймахан сырт алаңдағы «Каспий» ФК қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:
-Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Ойын тең дәрежеде өтіп жатқан еді, біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, ал, қарсылас мүлт кетпеді
ИСМАИЛ ХОДЖАЕВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ
U-17 командамыздың бас бапкерінің көмекшісі Исмаил Ходжаев сырт алаңдағы «Каспий» ФК қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:
-Ойыншыларымыз матчқа берген нұсқаулықты толықтай орындай алмады. Бірінші минутта гол жіберіп алдық, одан кейін есепті теңестіргенімізбен, қарсылас жеңіс голын соғып кетті. Бізде мүмкіндік болғанымен, қақпа кілтін таба алмадық