«Тараз» футбол клубының директорының кеңесшісі қызметіне Ербол Қайыров тағайындалды. Ол — Ақмола футбол мектебінің түлегі, кәсіби спорт журналисі және қазақстандық футболдың беделді сарапшыларының бірі.

Ербол Қайыров журналистік қызметін еліміздегі алғашқы футбол порталы — Chempionat.kz сайтында бастап, кейіннен аталған медиа ресурстың бас редакторы болды.
Әр жылдары Қазақстан футбол федерациясында (ҚФФ) және Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасында (ҚПЛ) жұмыс істеді.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның ұлттық және жастар құрамаларында баспасөз атташесі әрі скаут ретінде еңбек етіп, ойыншылардың, клубтардың және ел футбол жүйесінің даму бағытын жан-жақты талдайтын тәжірибе жинақтады.

Ербол Қайыров — «Үздік спорт журналисі» марапатының үш мәрте иегері. Бұл атақ оған ҚР Туризм және спорт министрлігі, Metaratings TOP Awards және Қазақстан футбол федерациясы тарапынан берілген.

Медиас аладан бөлек, Ербол Қайыров спортпен белсенді түрде айналысады. Ол Абай облысының «Ярышъ» жағажай футболы командасының ойыншысы болып табылады, Қазақстан чемпионы және ел кубогының күміс жүлдегері атанған. Бұл оның футболды тек теория жүзінде емес, тәжірибе деңгейінде де жақсы білетінін айғақтайды.

Қош келдіңіз, Ербол! Жаңа бастамаңызға сәттілік тілейміз!
@erbol_kairov

Жанкүйерлерге «Ваня ағай» деген атпен кеңінен танымал аңызға айналған маман –

Иван Ильницкий «Тараз» футбол клубы құрылымына қайта оралды.

Ол футбол орталығының скауты қызметіне тағайындалды.

Иван Михайлович отандық футболдың дамуына зор үлес қосып, әр жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасында өнер көрсеткен көптеген футболшылардың алғашқы бапкері.

Аулаларды аралап, бүлдіршін кезден таланттарды тани білетін, таба алатын қасиеті бар Ваня ағай Бауыржан Исламхан, Бақтиёр Зайнутдинов, Мұхамеджан Сейсен, Ғалымжан Кенжебек, Дәурен Жұмат, Дінмұхамед Қараман секілді жігіттердің үлкен футболған қадам басуына бірден бір себепкер.

Мол тәжірибесі бар әрі беделді маманның клубқа қайта оралуы футбол орталығының жұмысын күшейтіп, жас футболшыларды даярлау жүйесінің дамуына маңызды серпін береді деп сенеміз!

Ваня ағай әрдайым бізбен бірге!!!

«Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметіне 2025 жылдың қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік бапкері атанып, «Каспий» клубын чемпиондыққа жеткізген Руслан Эсатов тағайындалды.

Руслан Эсатов 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Футболшы ретіндегі кәсіби мансабын Таразда бастап, әр жылдары «Тараз», «Лашын», «Каспий», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» клубтарының намысын қорғады.

2019 жылдан бастап жаттықтырушы ретінде еңбек етіп келеді. Осы кезеңде «Тараз-Қаратау», «Мақтаарал», «Каспий» командаларын жаттықтырды.
2025 жылы бас бапкер ретінде «Каспий» клубымен Бірінші лиганың чемпионы атанды.

Қош келдіңіз, Руслан! Жаңа маусымда толағай табыстар тілейміз!
@ruslanessatov

Кәсіпқой футбол клубының директоры қызметіне Сыдықбек Дидар Бақытбекұлы тағайындалды.

«Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 аспандағы №70 бұйрығының 24-тармағына және «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №272 бұйрығына сәйкес, Дидар Бақытбекұлы Сыдықбек Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен «Тараз» кәсіпқой футбол клубы» КМҚК басшысы лауазымына тағайындалды

Ол 1993 жылы Алматыда дүниеге келген. Кәсіпқой деңгейде футболшы ретінде әр жылдары «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе», «Ордабасы» секілді командаларда ойнады.

Қазақстан жасөспірімдер (U-17, U-19) және жастар (U-21) командаларына да жиі шақырту алып, құрама жейдесінде өнер көрсетті.

2012 жылы Қазақстан кәсіпқой бірінші лигасының үздік жас ойыншысы атанды.

Футболшы мансабын аяқтаған соң «Прогресс KZ» жол компаниясының талдау бөлімінің жетекшісі, Президент істері басқармасы жанындағы «ИТЦ» АҚ бақылау қызметінің басшысы, «Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев — Елбасы қоры» Жобалық кеңсесінің үйлестірушісі лауазымдарын атқарды.

Футбол фунционері жолындағы алғашқы қадамын SD Family Group директоры ретінде бастады. Жеке клуб, стадион және балалар академияларын ашып, сонымен қатар Қазақстан Медиа футбол федерациясының негізін қалады.

ҚФФ жүргізген «Aлаң» инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі ретінде еңбек етті.

2025 жылы «Атырау» футбол клубының бас менеджері қызметін атқарды

Командамыз «ALAN» жобасы арқылы жаңартылған «Тараз Арена» стадионында жиналып, демалыстан кейінгі алғашқы жаттығуларын бастады. Бапкер Азиз Абдрашитұлы тізгініндегі командаға бүгінде «Талас» және басқа ұжымдарда жүрген жергілікті футболшылар келіп қосылды.

Айта кетейік, аптаның әр демалыс күндері «Тараз» командасы өзара және екіжақты келісім бойынша жолдастық кездесулер өткізеді.

Құрметті жанкүйерлер!

Осы маусымдағы соңғы үйдегі ойынна қапы қалмаңыздар! 17 қазан күні сағат 16:00-де Орталық стадионында «Тараз» командасы «Түркістан» командасымен кездеседі.

Ағымдағы маусым аяқталуға жақын, және біз өз командамызбен мақтанамыз. Ойыншыларымыздың басым көпшілігі жас болғанына қарамастан, команда маусымды өте жақсы өткізді, тәжірибе жинап,азулы командаларға лайықты қарсылық көрсетті. Жігіттер бізге көптеген қуанышты сәттер сыйлады.

Сондықтан соңғы өз алаңымызда өтетін матчта командаға қолдау көрсетіп , және олар бізге сыйлаған эмоциялар үшін алғысымызды білдірейік. Келіңіздер, достар! Өз командамызды бірге қолдайық!

WhatsApp Image 2024 10 15 at 15.50.40

Ел біріншілігінің 7 турында "Тараз"1:2 есебімен" Ұлытаудан " ұтылды. Ойын тең болды, бірақ қонақтардың құрамында тәжірибелі ойыншылар болды. Алаң иелері матч соңында Улугбек Бекмуратов әдемі гол соқты.

 DSF4393

 

Бірқатар қиындықтар, атап айтқанда, клуб директорының жоқтығы, біршама қарыздар, жаңа ойыншыларды тіркеуге қойылған шектеуге қарамастан «Тараз» жанкүйерлерді қуантуды жалғастыруда. Командамыз ел кубогының іріктеу кезеңінде, одан кейін, плей-офф бәсекесінде жеңіске жетті.
Шымкентте «Жас Қыранға» қарсы өткен матч 1/8 финалда «Ордабасыға» қарсы тұру мүмкіндігін берер еді. Премьер-Лига ұжымына қарсы тұру деген екі жылдан бері клубқа да, жанкүйерлерге де қажет еді және ол қолдан келді!
«Жас Қыранмен» ойын текетірес пен фолдарға толы ауыр матч болды. Қос ұжым нәтижелі соққы бағыттауға біршама мүмкіндік алғанымен, қорғаныс шебі сыр алдырмады. Ойын қосымша уақытқа ойысып, артынша пенальтилер сериясына келе жатыр еді. Дегенмен, тараздықтар команда капитаны Ерасыл Кеулімжай мен Азамат Ерденнің ұйымдастырған шабуылынан кейін 17 жасар Санжар Кемелбектің голынан есеп ашты – 1:0!
Енді келесі кезеңде командамыз өз алаңымызда шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды, матч 14 сәуірге жоспарланған және зор қызығушылық тудырып отыр.

Осы орайда, клубымыз қаржы мәселесін дұрыстап келе жатқанын айта кету керек. Облыстық бюджеттен футбол клубына республикамызда кәсіпқой клубтарға белгіленген лимит мөлшерінде қаржы бөлінді.
- Бүгінде клубымыз былтырғы маусымнан берешектің біраз бөлігінен құтылды. Бұл – салықтық және әлеуметтік төлемдерге арналған 400 млн теңге. Одан өзге, клубтың қызметкерлеріне де қарыз ақшалардан құтылды. Бүгінгі таңда командамыз тек жергілікті ойыншылар мен бапкерлерден құралған. Қаржылық мәселелерге қарамастан, команда былтырғы құрамды толық сақтап қалып, жас түлектермен толықты. Клуб маусыс алдындағы оқу-жаттығу жиынын ел ішінде өткізіп, Қазақстан кубогының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Клубта жұмыс жоспарға сай өтуде, -дейді клуб директорының м.а. Ғабит Қазбеков.

«Тараздың» 17 жасар дебютанты Санжар Кемелбек команда сапындағы алғашқы голын салып қана қоймай, маңызды жеңіс сыйлай білді. Ол өз ойымен клубтың баспасөз қызметіне бөлісті.

-Санжар, сен және команда үшін ойын қалай болды?
-Матч мен үшін де, ұжым үшін де қиынға соқты. Бірақ, біз бапкерлердің нұсқауының арқасында ойынға дайын болдық. Әрине, мен үшін алғашқы ойын ауыр болды, бірақ бапкерлердің сенімінің арқасында, өз-өзіме сене білдім.

-Команда сапындағы алғашқы голыңыз құтты болсын! Бұл туралы не айтасыз?
-Әлбетте, гол команданың арқасы. Шешуші голды мен соққаныма қуаныштымын. Туған командам сапында жеңіс голын соғуды үнемі армандайтынмын!

-Командадағы атмосфера қай деңгейде?
-Өте керемет. Командада мені құшақ жайып қарсы алуы, қолдауы қатты ұнады. Алға қойылған мақсаттарға жететінімізге сенемін.

 

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер