📣Құрметті жас футболшылар, ата-аналар және бапкерлер!

✅Бүгін — Дүниежүзілік балалар футболы күні!

😍Бұл күн – футболды сүйетін әрбір баланың мерекесі ғана емес, сондай-ақ олардың денсаулығын нығайтуға, тәрбие мен ынтымақты арттыруға бағытталған маңызды күн.
«Тараз» футбол орталығының ұжымы атынан барлық жас спортшыларды, олардың ата-аналарын және бапкерлерді шын жүректен құттықтаймыз.

👊Балаларымыздың қадамдары нық, мақсаттары биік, жетістіктері мол болсын!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді 2025 жылдың 20 маусымы күні, сағат 10:00-де өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз. Іс-шара Тараз қаласындағы «Жастар» стадионының клуб базасындағы конференц-залында (Рысбек батыр көшесі, 2Д) өтеді.

Баспасөз мәслихатының тақырыбы:
2025 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар.

Спикерлер:

Серік Алпыспайұлы Молдағаиров — клуб басшысы

Мұрат Жұмақожаұлы Ағыбаев — бас менеджер

Жазғы демалыс қарсаңында «Тараз» футбол клубының балаларды қорғау жөніндегі қызметкері жас спортшыларымен кездесу өткізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды. Балаларға су жанында қалай дұрыс әрекет ету керектігі, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары және демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау не үшін маңызды екені түсіндірілді.

«Тараз» футбол клубы балалардың қауіпсіздігі мен амандығына тек алаңда ғана емес, күнделікті өмірде де ерекше мән береді. Жазыңыз көңілді, белсенді әрі қауіпсіз өтсін!

Бірінші Лиганың 9-туры аясында біздің командамыз сырт алаңда «Екібастұз» ФК-мен кездесті.

Нұрмат Мирзабаев баптайтын «Тараз» кадрлік қиындықтарға байланысты бұл кездесуге аз ойыншымен қатысуға мәжбүр болған еді. Матч алма-кезек шабуылдармен басталған. Алаң иелері 14-минутта кездесудегі алғашқы голды соқты. Тайм соңына қарай қос ұжым бір нәтижелі соққымен алмасты. 37-минут түгесер шақта жамбылдықтар сапынан Нұрдәулет Байбосынов есепті теңестірсе, араға бес минут салып, алаң иелері тағы да есепке өзгеріс енгізді.

Екінші бөлікте командамыз сапынан алаңға тың ойыншылар шығып, шабуылға қан жүгірткендей болған. Дегенмен, Павлодар облысының ұжымы шабуылдағы мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, тағы екі гол соқты. Қорытынды есеп – 4:1.

Біздің жігіттер келесі матчын 20 маусым күні өз алаңымызда «Ақтөбе» жастарына қарсы өткізбек

Бірінші лига екі апталық үзілістен кейін қайта жалғасын таппақ.

Команданың ендігі қарсыласы - павлодарлық “Екібастұз”. Сырт алаңдағы аталмыш кездесу ертең сағат 17:00-де өз бастауын алады.

Еске салайық бұған дейін “Тараз” Бірінші лига аясында тағы бір павлодарлық “Ертіс” ұжымымен кім мықтыны анықтаған болатын. Өкінішке қарай, 90 минут қорытындысы бойынша жамбылдық ұжым 0:1 есебімен есе жіберді.

Осы күнге дейін клубта басшы міндетін атқарып келген Мұрат Жұмақожаұлы бас менеджер болып бекітілді.

Ол 1986 жылы дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстан футбол федерациясында маман, 2019 жылы бас маман болды. 2023-2025 жылдары федерацияда спорттық департамент директоры, футбол лигасының спорттық директоры қызметтерін атқарды.

Жамбыл футболының түлегі, «Тараз» сапында Қазақстан чемпионы атанған Нұрмат Мырзабаев команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Нұрмат Нарманұлы 1972 жылы 11 қарашада дүниеге келген. Кәсіби футболшы ретінде «Тараз», «Ертіс», «Есіл», «Ақтөбе» секілді командаларда 301 матч өткізіп, 34 гол соққан. Қазақстан ұлттық құрамасында 16 ойында 1 мәрте мергендік танытқан.

2006 жылдан бастап бапкерлік қызметке кірісті. Мансабында жаттықтырушы, бас бапкер міндетін атқарушы, бас бапкер болған. Осы күнге дейін «Тараз» футбол орталығында QJ League командаларының үйлестірушісі лауазымын атқарды.

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 02 маусымында «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы бос лауазымына конкурсқа қатысуға құжат тапсырған үміткерлермен әңгімелесу өткізіліп, конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға Молдагаиров Серик Алпыспаевичтің кандидатурасы ұсынылып, ол 2025 жылғы 04 маусымында тағайындалды.

Серік Алпысбайұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2011-2016 жылдары «Астана-1964» футбол клубында заңгер, FIFA TMS бағдарламасының менеджері, 2019-2021 жылдары «Атырау» командасында бас директор орынбасары, заңгер, 2023 жылдан бері «SD Family Group» ЖШС Атқарушы директоры лауазымдарын атқарған.

✅Ресми: «Cambridge Line» мектебі – «Тараз» футбол клубының серіктесі атанды!

⚪️Серіктестің қолдауымен футбол орталығына қажетті медициналық дәрі-дәрмектер мен спорттық жабдықтар жеткізіледі – бұл ойыншылардың денсаулығы мен дайындығын жаңа деңгейге көтеруге көмектеспек.

🤝Осындай маңызды қолдау үшін «Cambridge Line» мектебінің ұжымына, басшысы Нұрғали Амангелдиевке зор алғысымызды білдіреміз!

💙1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Мейірімді Ball» жобасы аясында «Остров Кэма» демалыс аймағымен бірге «Асыл Кеней» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің ерекше күтімді қажет ететін балаларына сый-сияпаттар табысталды.

🤍Аталған игі бастамаға клубымыздың Freedom QJ League командаларының ойыншылары балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға өз үлестерін қосты.

  • Первая лига 2025
    24-07-2025 17:00
    Алтай
    Тараз
  • Первая лига 2025
    31-07-2025 17:00
    Каспий
    Тараз
  • Первая лига 2025
    07-08-2025 17:00
    Тараз
    Туркестан
  • Первая лига 2025
    14-08-2025 17:00
    SD Family
    Тараз
  • Первая лига 2025
    21-08-2025 17:00
    Тараз
    Хан-Тенгри
  • Первая лига 2025
    28-08-2025 17:00
    Иртыш
    Тараз
  • Первая лига 2025
    11-09-2025 17:00
    Тараз
    Экибастуз

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер