💙1 маусым — Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Тараз» футбол клубы «MART» сауда, ойын-сауық орталығында арнайы іс-шара өткізді.

🤍Мерекелік бағдарламаға негізгі команда ойыншылары Мадияр Нұралы бастаған жігіттер мен QJ League командаларының футболшылары қатысты. Олар балаларға футбол әдістерін көрсетіп, әртүрлі ойындар ұйымдастырды.

💙Бүлдіршіндерге сый-сияпаттар табыстады. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, естелік суреттерге түсіп, қолтаңба қалдырды.

🤍Біздің жігіттер ерекше күтімді қажет ететін балаларды да назардан тыс қалдырған жоқ. «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «TenQogam» жобасының иппотерапия қызметін алушыларға да естелік сыйлықтар берілді

💙Жалпы «Тараз» футбол клубы әрбір мерекеде белсенді іс-шаралар ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, U-18, U-17 және U-16 командаларымыздың ойыншылары арасында FC25 ойын түрінен кибер-турнир өтті.

Аталмыш бәсекеде жеңімпаз атанған U-18 командамыздың ойыншысы – Нұрмұхамед Мұхаметілда маусым айында Freedom QJ League ұйымдастыруымен өтетін кибер-турнирдің финалдық кезеңінде клубымыздың намысын қорғайтын болады.

Жарыс соңында жеңімпаз бен жүлдегерлерге демеушілік қаражат есебінен жаттығу жұмыстарына қажетті құралдар жинағы табысталды

✅Футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды.

⚪🔵«Тараз-2012» және «Тараз-2013» командаларына «Jako» брендінің спорттық киімдер жиынтығы (жаттығу және ойын жейделері, спортивка, сөмке, т.б.) табысталды. Қазіргі кезде 2012 жылы туған жасөспірімдер командасында 44 бала, ал 2013 жылы дүниеге келген жасөспірімдер командасында 35 бала бар.

🔵⚪Жалпы «Тараз» футбол орталығында жас ерекшелігіне байланысты 11 санатта командалар жаттығады. Оның үшеуі QJ League чемпионатына, басқалары ел біріншілігіне қатысуда. Сонымен қатар, екі қыздар командасы жұмыс жасайды.

💬Футбол клубының басшысы Мұрат Агибаев кезең-кезеңімен өзге санаттағы командалар да жаңа спорттық киімдер жиынтығымен қамтылатынын айтты.

🔸Айта кетейік, футбол орталығын толық қамту үшін жалпы көлемі 60 млн теңге жұмсалды. Бұл сома клубқа тартылған инвестор есебінен жүргізілді.

🔹Сонымен қатар, орталық жасөспірімдеріне арнайы спорттық дәрі-дәрмектер мен дәрумендер алынуда. Оған қажетті қаражат клуб серіктесі «Cambridge lain Taraz» жеке мектебінің есебінен болмақ. Осы үшін мекеме басшысы Нұрғали Амангелдиевке алғыс білдіреміз.

🔹Бүгінде орталықта бас-аяғы 329 адам болса, оның ішінде 94 бала QJ League ойындарына қатысады. Ал қыздар саны – 36.

#fctaraz #футбол_орталығы
#tarazfc #футбольный_центр

Қазақстан Бірінші лигасы 8 туры аясында «Тараз» командасы өз алаңында «Ертісті» (Павлодар) қабылдады. Матч қос команданың алма-кезек жылдам шабуылмен басталған. Алаң қонақтары сапындағы тәжірибелі футболшылар бірнеше мәрте қақпаға қауіпті соққалар жасады. Бірінде қақпа бағанасына тиіп, кері қайтты. Ал «Тараз» сапынан Димаш Серікұлы сол қапталдан айып алаңына пас жеткізгенімен, «Ертіс» қорғаушылары Элер Рахимовқа соққы жасайтын мүмкіндік бермеді. Бірінші таймда есеп ашатын ұрымтал тұстар болғанымен, ойыншылар қақпадан саңылау таба алмады.

Екінші таймда гол соғатын сәттер аз болмады. Мүслім Жұмат, Элер Рахимовтың гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Барынша қарсыласты қыспаққа алғанымен, соңғы соққы сәтті шықпай жатты. Футболдағы «сен соқпасаң, саған соғады» принципі орындалды. 75 минутта алаңға тыңнан шыққан Руслам Есімовтің баспен бағыттаған соққысы голға айналды.

«Тараз» бапкерлік құрамы бірнеше ойыншыны алмастырып, жаңа дем беруге тырысқанымен нәтиже өзгеріссіз қалды. Енді ел чемпионтында ұлттық құрама ойындарына орай екі апталық үзіліс орнайды. Жамбылдықтар келесі кездесуді сырт алаңда 12 маусым күні «Екібастұз» командасымен өткізеді. «Орталық» стадионда болатын өз алаңымыздағы матч 20 маусымға белгіленген. Қарсылас команда – «Ақтөбе-2».

Fitness Blitz — Қазақстан бойынша ірі фитнес клубтар желісі

«Тараз» футбол командасы заманауи жабдықталған фитнес-клубта жаттығу жасауға мүмкіндік алады

Сонымен қатар, фитнес желісі «Тараз» футбол орталығының жасөспірімдері үшін арнайы жаттығу құрылғыларымен қамтамасыз етеді

Fitness blitz — еліміздің 9 қаласында қызмет көрсететін ірі фитнес-клубтар желісі!
#fctaraz #fitnessblitz

⚽ Құрметті жанкүйерлер!

⚡«Таразды» жаңа деңгейге көтеретін кез келді!
⚡Жаңа дем беретін, серпіліс әкелетін мерзімді бірге бастайық!
⚡Жанкүйерлеріміз ұмытылмас эмоция сыйлайтын матчтарды сағынды!

📣Сіздерді 29 мамыр күні «Орталық» стадионда «Ертіс» командасымен өтетін матчқа шақырамын!
✊Маңызды кездесуде үлкен қолдау көрсетейік!
💪Жігіттер жамбылдық мінез көрсетіп, алаңда атой салсын десек, жұдырықтай жұмылып, жанкүйерлік танытайық!

✅Жанкүйерлер үшін матч күні арнайы ойын алды бағдарламасын ұсынамыз!
🎊«Орталық» стадионда сағат 15:00 бастап ойын-сауық, сый-сияпат, түрлі байқаулар ұйымдастырылады!
🔹Садақ ату
🔹Асық ату
🔹Арқан тарту
🔹Playstation
🔹Аквагрим
🔹Аниматор

🎥«Тараз» - «Ертіс» матчының бірінші таймы аяқталғанға дейін салынған үздік Stories-ке клуб серіктесі Fitness Blitz арнайы абонемент ұсынады!
🔸Әдемі сторис түсіріп, бізді @fctaraz.official және серіктесіміз @fitnessblitz_taraz белгіле!

🔵«Тараз» - «Ертіс»
🗓29 мамыр
⌚16:30
🏟«Орталық»

Freedom QJ League – Жасөспірімдер лигасының 6-тур матчтарының нәтижелері:

«Тараз»-U16 – «Ордабасы»-U16 0:1

«Тараз»-U17 – «Ордабасы»-U17 0:1

«Тараз»-U18 – «Ордабасы»-U18 1:0
Гол авторы: Еркебұлан Науханбай

QJ League – Жасөспірімдер лигасында 6-тур матчтары өтті. Біздің клуб өз алаңымызда шымкенттік «Ордабасымен» кездескен. Алдымен, алаңға U-17 санатындағы командалар шыққан. Матчтың алғашқы минуттарынан бастап біздің жігіттер допқа иелік етіп, қарсыласты қысымға алып отырды. Бірінші таймда-ақ бірнеше нақты голдық мүмкіндік болғанымен, доп қақпаға дарымады. Екінші таймда да ойынның басым бөлігінде «Тараз» ойыншылары үстемдік құрды. Дегенмен, қонақтар кездесу соңына қарай, аздаған мүмкіндіктердің бірін пайдаланып, жеңісті голды соғып кетті, қорытынды есеп – 0:1.

Бұл кездесуден соң, қос клубтың U-16 санатындағы командалары алаңға шықты. Жерлестеріміз ойын барысында бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қарсыластың қақпасына бірнеше рет қауіп төндірді. Әсіресе, екінші таймда біздің ойыншылар белсенділік танытып, допқа иелік ету жағынан басымдыққа ие болды. Алайда шабуылды голға айналдыруда сәттілік жетіспеді. Қонақтар болса, қорғаныста сауатты ойнап, ойынның соңына қарай қарымта шабуылдың бірін нәтижелі аяқтай алды. Бұл кездесуде де 0:1 есебі тіркелді.

Одан соң алаңға қос клубтың U-18 санатындағы командалары шықты. Аталмыш матчқа команда капитаны Азизжон Бердиев жарақатына байланысты қатыса алмады. Дегенмен, «Тараз» жастары бұл кездесуде ерекше ынта мен мінез көрсетті. Жамбылдықтар қарсыласқа алғашқы минуттардан-ақ қысым жасай бастады. Нәтижесінде, 17-минутта Еркебұлан Науханбай қорғаушы мен қақпашының өзара түсініспеушілігін сәтті пайдаланып, есеп ашты — 1:0. Жалпы алғанда, ойын шиеленісті өтті. «Ордабасы» ойыншылары таразы басын теңестіруге тырысты, алайда біздің қорғаушылар сенімді ойнады. Қақпашымыз – Санжар Рахматиля бірнеше қауіпті сәтте шеберлігін танытты. 88-минутта «Тараз» ойыншысы Нариман Асубек екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бірақ команда соңына дейін жеңісті есепті ұстап қалды.

Енді, QJ League бір айлық үзіліске аттанды. Біздің командалар келесі матчтарын 21-22 маусым күндері сырт алаңда алматылық «Жас Қыранға» қарсы өткізбек

U-18 командамыздың қақпашысы Санжар Рахматиля «Ордабасы»-U18 командасына қарсы матчың «Үздік ойыншысы» деп танылып, серіктесіміз – «Qazaq Style» кәдесый бұйымдарын даярлайтын шеберхана атынан естелік сыйлыққа ие болды!

Сыйды табыстаған – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Георгий Павлович Хутиди

«Тараз» футбол клубының спорттық директоры болып Қазбеков Ғабит Еркінбекұлы тағайындалды. Ол 1972 жылы Талас ауданында дүниеге келген. 2013 жылы «Тараз» футбол клубында спорттық директор, 2017-2019 жылдары директордың орынбасары, 2020 жылы атқарушы директор қызметтерін атқарған. 

2024 жылы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жетекшісінің орынбасары болды.

 

  • Первая лига 2025
    24-07-2025 17:00
    Алтай
    Тараз
  • Первая лига 2025
    31-07-2025 17:00
    Каспий
    Тараз
  • Первая лига 2025
    07-08-2025 17:00
    Тараз
    Туркестан
  • Первая лига 2025
    14-08-2025 17:00
    SD Family
    Тараз
  • Первая лига 2025
    21-08-2025 17:00
    Тараз
    Хан-Тенгри
  • Первая лига 2025
    28-08-2025 17:00
    Иртыш
    Тараз
  • Первая лига 2025
    11-09-2025 17:00
    Тараз
    Экибастуз

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер