Freedom QJ League чемпионатының 22-туры аясында «Тараз» командасы Алматы қаласында жергілікті «Қайрат» ұжымымен кездесті.

Тимур Сегізбаев атындағы академияның стадионында өткен матчта алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің 25-минутында Сұлтанәли Әбдуәли есеп ашты. Ал 33-минутта ол дубль авторы атанып, «Қайраттың» басымдығын арттырды. Осылайша, бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймның 73-минутында Әлихан Қанапия алаң иелерінің үшінші голын соқты. Араға екі минут салып, «Тараз» жауап қайтарды. 75-минутта Ермұхаммед Нұржанұлы мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда 83-минутта Алихан Рамазанов «Қайраттың» төртінші голын соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, «Тараз» командасы чемпионаттың 22-туры аясындағы сырт алаңдағы кездесуде қарсыласына 1:4 есебімен жол берді

▲