U-15 командамыз Freedom QJ League 19-туры аясында сырт алаңда «Қайсармен» кездесті.
Бірінші айналымда тараздықтарға 8:0 есебімен жол берген «Қайсар» ойыншылары өз алаңында есе қайтаруды ойлағаны алғашқы минуттардан-ақ көрініп тұрды. Айналымаралық трансферлік ауысым уақытында құрамын жаңа ойыншылармен толықтырған «Қайсардың» ойын өрнегі де өзгергені көрінді.
Кездесудің 14-минутында Нұрият Ербосын есеп ашса, 38 және 58-минуттарда Алихан Ерболұлы дубль жасап, алаң иелеріне 3:0 есебімен жеңіс сыйлады.
Ұлттық құрамалар мен жасөспірімдер құрамаларының матчтарына байланысты Freedom QJ League-де үзіліс орнады. «Тараз»-U15 келесі кездесуін 14 қазанда өз алаңымызда «Ордабасы»-U15 командасына қарсы өткізеді