U-18 командамыздың ойыншысы Ғалымжан Оразалиев клубымыздың жастар командасы сапында кәсіби футболдағы алғашқы матчын өткізді!

17 жастағы қорғаушы Екінші лиганың 9-туры аясында өткен «Тұран» жастар командасына қарсы кездесудің 78-минутында Ертөре Жаныбекұлын алмастырып, алаңға шықты.

Осылайша, Оразалиев кәсіби футболдағы дебютін жасап, мансабындағы маңызды белесті бағындырды.

Ғалымжанды айтулы оқиғамен құттықтап, алдағы футбол жолында толағай табыс тілейміз!