«Тараз» футбол клубының түлегі, футбол орталығының тәрбиеленушісі әрі жастар командамыздың ойыншысы Еркебұлан Науханбай негізгі команда сапында дебют жасады!
18 жасар футболшы Бірінші лиганың 9-туры аясындағы «Астана Ж» командасына қарсы кездесуде алаңға алғашқы минуттан шығып, 75 минут бойы өнер көрсетті.
Еркебұлан 2024-2025 жылдары Freedom QJ League аясында 40 матч өткізіп, 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Ал биыл Екінші лигада жастар командамыз сапында 6 кездесуге қатысып үлгерді.
Еркебұланды кәсіби футболдағы маңызды белесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да сәтті ойын көрсетіп, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!