Freedom QJ League 18-туры аясында «Тараз»-U18 Талғар қаласындағы «Пеле» стадионында ҚФФ академиясымен кездесті.

Кездесудің алғашқы таймында алаң иелері екі гол соғып, үзіліске 2:0 есебімен шықты.

Матч барысында «Тараз» сапында Ремзи Али-Оглы екі сары қағаз алып, 43-минутта алаңнан қуылды. Алғашқы ескерту оған 28-минутта дөрекі ойын үшін көрсетілсе, екінші сары қағаздан кейін футболшы қызыл қағаз алды.

Екінші таймның басында тараздықтар есеп айырмасын қысқартты. Алан Ерболұлы асырған допқа Расул Нұрманбай бірінші жетіп, баспен қақпаға бағыттады. Осылайша есеп 2:1-ге өзгерді.

Алайда кейін ҚФФ Академиясы тағы екі гол соғып, кездесудің қорытынды есебін 4:1-ге жеткізді.

▲