Freedom QJ League чемпионатының 21-туры аясында «Тараз» U-15 командасы Ақтау қаласында жергілікті «Каспий» ұжымымен кездесті.
BS Arena стадионында өткен матчта тараздық жас футболшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің 28-минутында Мадияр Серикбай есеп ашып, командасын алға шығарды. Ал бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Бекасыл Рысқадыр тараздықтардың басымдығын арттырды. Осылайша, командалар үзіліске «Тараздың» 2:0 есебімен басымдығымен аттанды.
Екінші таймның 56-минутында Нариман Нұртаза үшінші голды соғып, командасының артықшылығын нығайтты. Араға екі минут салып, алаң иелері Абзал Сагиевтің голымен есеп айырмасын қысқартты.
Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде «Тараз» U-15 командасы сырт алаңда сенімді жеңіске жетіп, үш ұпайды еншіледі