Freedom QJ League чемпионатының 21-туры аясында «Тараз» U-16 командасы Ақтау қаласында жергілікті «Каспий» ұжымымен кездесті. Тартысты өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің алғашқы таймында қос команда да есеп аша алмады. 15-минутта тараздықтардың шабуылшысы Алишер Бауыржанұлы пенальтиден мүмкіндік алғанымен, доп қақпа бағанасына тиді.
Екінші таймда ойын қарқыны артып, 72-минутта алаң иелері Мадияр Жұмабектің голынан кейін алға шықты. Алайда «Тараз» ойыншылары кездесудің соңына дейін табандылық танытып, араға үш минут салып есепті теңестірді. 75-минутта Ермұхамед Еркінұлы қарсылас қақпасынан саңылау тапты.
Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ. Осылайша, «Тараз» U-16 командасы Ақтау төрінде бір ұпай еншіледі