+7 (7262) 45-36-59

Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев “Тараз” ФК спорттық директоры лауазымына бекітілді.

Ұлан Қонысбаев өмірінен қысқаша мағлұмат:

Ұлан Әбиірбекұлы Қонысбаев 1989 жылы Өскемен қаласында дүниеге келді. Футболдағы алғашқы қадамын болашақ жартылай қорғаушы 2006 жылы “Жамбыл” командасында бастады. Онда жарқын өнер көрсетіп, “Тараз” командасы бапкерлерінің көзіне түсті. 2010 жылы Қонысбаев оңтүстік ұжыммен бірге ҚПЛ дебют жасады. Өзінің жоғарғы лигадағы бірінші маусымында 7 гол соққан жартылай қорғаушы бір жыл өте астаналық “Локомотив” сапын толықтырды.  Алайда Ұлан мұнда көп аялдамай қарағандылық “Шахтерге” жалға жіберілді. Қонысбаев "кеншілер" сапында жүріп, 2011 жылы Қазақстанның үздік футболшысы атағына лайық деп танылды. Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын жартылай қорғаушы дәл сол жылы Беларусия құрамасына қарсы өткізді (1:1). Ал Қазақстан жейдесіндегі алғашқы голын Қонысбаев 2012 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуі кезеңінде Түркия қақпасына салды. Аталған матчта ел құрамасы тең нәтижеге  қол жеткізуі тиіс болатын. Алайда кездесу соңындағы қосымша минуттарда Арда Туран түріктерге жеңіс сыйлады (2:1).

Кәсіби мансабында Ұлан Қонысбаев “Тараздан” бен “Шахтерден” бөлек, алматылық “Қайрат”, “Атырау”, “Ақтөбе” және көкшетаулық “Оқжетпес” ұжымдарында доп тепті. 2011 жылы ойыншы “Шахтермен” бірге ел чемпионатында топ жарды. Сонымен қатар, Қонысбаевтың ел Кубогы мен Суперкубогы бәсекелеріндегі чемпиондық жетістігін ерекше атап өткеніміз жөн.

“Тараз” ФК спорттық директоры атанған Ұлан Әбиірбекұлына жаңа қызметте толағай табыс тілейміз! 

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Елимай 23 67
2 Туран 24 59
3 Женис 25 51
4 Акжайык 24 48
5 Кыран 23 39
6 Хан-Тенгри 23 32
7 Жас Кыран 25 31
8 Кайрат-Жастар 24 28
9 Туркестан 24 28
10 Арыс 24 26
11 Экибастуз 24 25
12 Тараз 25 24
13 Оңтүстік 24 20
14 Актобе М 24 20
15 Астана М 24 19

Вторая лига

Юго-Запад

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Жетысай 18 39
2 Кайсар М 17 36
3 Иле-Саулет 18 32
4 Оңтүстік М 18 29
5 Атырау М 18 28
6 AKAS 18 27
7 Мактаарал М 18 18
8 Ордабасы М 18 15
9 Каспий М 19 12
10 Тараз М 18 11

Серіктестер