Бүгін, “Тараз” ФК “Жастар” стадионында кезекті жаттығу жиындарын өткізді. Алғашында дене қыздырып, алаңды айналып жүгірген аяқдопшылар доппен физикалық ептілікті дамытатын түрлі тапсырмаларды орындады. Команда мүшелерінің дайындығын Нұркен Мәзбаев бастаған бапкерлік құрам назарда ұстады. Жаттығу барысында жаттықтырушылар берілген барлық тапсырмалардың жылдам әрі нәтижелі орындалуына аса мән берді. Клуб өткен маусымда өнер көрсеткен құрамды толықтай дерлік сақтап қала алды. Мәселен, бүгінгі жаттығу жиындарында команда капитаны Ерасыл Кеулімжай, Димаш Серікұлы, Диас Лесбек, Асылбек Асан сынды футболшылар төбе көрсетті. Сонымен қатар, “Тараз” жүйесінде 80-нен астам ойын өткізген Жақып Қожамберді де жастар арасында аса белсенді болды. Команданың нақты мәліметтеріне сәйкес, қазірде 50-ден астам жергілікті аяқдопшы бапкерлердің бақылауында жүр. Олардың арасында Freedom QJ League турнирінің өткен маусымында “Тараздың” 2007 жылғы командасының үздік сұрмергені атанған Нұрдәулет Орынбасарда негізгі ұжымға шақырту алды. Бұл футболшылар алдағы уақытта клубпен ресми келісімге келуі тиіс. Алайда оған дейін аяқдопшылар “Тараздың” негізгі құрам жейдесінде өнер көрсете алатындығын дәлелдей алуы керек. Еске салайық, клуб бұған дейін 18-29 желтоқсан, 5-19 қаңтар аралығында жалпы жаттығу жиындарын өткізіп үлгерді. Маусым алдындағы команданы жасақтау жұмыстары команда базасында әлі де жалғасын табатынын ескерте кеткеніміз жөн.  

  • Первая лига 2025
    24-07-2025 17:00
    Алтай
    Тараз
  • Первая лига 2025
    31-07-2025 17:00
    Каспий
    Тараз
  • Первая лига 2025
    07-08-2025 17:00
    Тараз
    Туркестан
  • Первая лига 2025
    14-08-2025 17:00
    SD Family
    Тараз
  • Первая лига 2025
    21-08-2025 17:00
    Тараз
    Хан-Тенгри
  • Первая лига 2025
    28-08-2025 17:00
    Иртыш
    Тараз
  • Первая лига 2025
    11-09-2025 17:00
    Тараз
    Экибастуз
  • Первая лига 2025
    18-09-2025 17:00
    Актобе М
    Тараз

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер