Freedom QJ League чемпионатының 20-туры аясында «Тараз» U-17 командасы сырт алаңда «Ордабасы» U-17 ұжымымен кездесті.
Шымкент қаласында өткен матчтың алғашқы таймы голсыз аяқталды. Үзілістен кейін алаң иелері есеп ашып, 68-минутта Алмат Сапархан мергендік танытты. Ал 80-минутта Бекасыл Қанат «Ордабасының» екінші голын соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
Осылайша, «Тараз» U-17 командасы 20-турда қарсыласына 0:2 есебімен жол берді