Freedom QJ League чемпионатының 20-туры аясында «Тараз» командасы Шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» ұжымымен кездесті. Тартысты өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің 11-минутында Асылан Аблайхан тараздықтарды алға шығарды. Алайда 23-минутта алаң иелері есепті теңестіріп, бірінші таймның соңында Дилшод Назимбеков «Ордабасыны» алға шығарды. Осылайша, командалар үзіліске 2:1 есебімен аттанды.

Екінші таймда «Тараз» ойыншылары есепті теңестіруге ұмтылды. 70-минутта қарсылас айып алаңында Данияр Баймаханға қарсы ереже бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Ақ нүктеге келген Галымжан Оразалиев мүмкіндікті мүлт жібермей, тараздықтардың екінші голын соқты.

Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде «Тараз» сырт алаңда бір ұпай еншіледі

▲