«Тараз» футбол командасы жаңа маусымға дайындық аясында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жуырда оны аяқтады. Осыған байланысты біз команданың бас бапкері Руслан Эсатовпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

Алғашқы оқу-жаттығу жиыны туралы және оның қорытындысы туралы не айтасыз?

Алғашқы оқу-жаттығу жиыны ең алдымен функционалдық бағытта өтті. Негізгі мақсат – футболшыларды демалыстан кейін оңтайлы физикалық жағдайға қайта келтіру болды.

Екінші маңызды мақсат – жергілікті футболшылар мен жастарды қарау. Федерация регламентіндегі өзгерістерге және лимиттік ойыншылардың жас шегінің ұлғаюына байланысты біз үшін жергілікті жас ойыншыларға ерекше көңіл бөлу аса маңызды болды. Осы бағыттағы жұмыстарға аталған жиын арналды.

ОЖЖ аясында үш матч өткізілді. Алғашқысы –ішкі матч, яғни футболшылар өзара ойнады. Себебі команда құрамында ойыншылар саны көп болды және олардың мүмкіндіктерін жан-жақты бағалау қажет еді.

Екінші матч Шымкент қаласында «Оңтүстік» командасына қарсы өтті. Бұл ойын жергілікті ойыншылар мен жаңадан қосылған футболшылардың дайындығы жағынан жақсы әсер қалдырды.

Жалпы алғанда, жиын біз жоспарлағандай өтті: функционалдық және жергілікті ойыншыларды қарауға бағытталды. Алдағы уақытта да негізгі басымдық жергілікті футболшыларға беріледі.

Тараз – қазақстандық футбол таланттарының ордасы екенін ұмытпауымыз керек. Бұл таланттар бұрын да болған, қазір де бар және болашақта да Таразда бола береді. Сондықтан бұл жиын сол таланттарды анықтау және бағалау мақсатында өткізілді. Қазіргі таңда белгілі бір қорытындылар жасалды, бірнеше жергілікті футболшы бақылауға алынды, алдағы уақытта оларға ерекше назар аударылады.

Екінші оқу-жаттығу жиынында қарау жұмыстары бұдан да мұқият жүргізіледі. Ал шақырылған футболшыларға келер болсақ, олар да өте жақсы әсер қалдырды – сапалы орындаушылар.

Біз команда алдында тұрған міндетті жақсы түсінеміз. Ол – премьер-лигаға шығу.

«Тараз» футбол клубы Бірінші лигада тым ұзақ уақыт бойы өнер көрсетіп келеді. Мұндай тарихы мен атағы бар клуб Қазақстан премьер-лигасында бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Біз соны қалаймыз, ал клуб басшылығы ең жоғары мақсаттарды қойып, сол жолда барлық қажетті шараларды атқаруда.

Құрамды жасақтау және күшейту туралыойыңызбен бөліссеңіз...

Қазіргі таңда шамамен 20 футболшымен жаңа келісімшарттарға қол қойылды. Команданы позициялар бойынша жасақтауға келсек, бүгінгі күні әр позицияда екі ойыншыдан бар деуге болады. Бұл команда ішінде салауатты бәсекелестік қалыптастырады – жергілікті футболшылар арасында да, шақырылған ойыншылар арасында да.

Ойыншылардың есімдерін атай алмаймын, алайда айта кетерлігі – әр позиция бойынша қаралымда әрі жергілікті, әрі шақырылған футболшылар бар. Біздің мақсат – әрбір ойыншы өз деңгейін дәлелдейтін бәсекелі орта қалыптастыру.

Шақырылған футболшылардың барлығы жақсы әсер қалдырды. Дегенмен, клубта аналитикалық бөлім бар және өткізілген матчтардан кейін ойындар міндетті түрде жан-жақты талданады. Қазіргі уақытта толық талдау әлі аяқталған жоқ.

Барлық аналитикалық мәліметтер жиналып, әр футболшы қайта қаралады. Екінші оқу-жаттығу жиынына дейін кімдер командамен жұмысын жалғастыратыны, ал кімдердің клубтан кететіні белгілі болады.

Келесі оқу-жаттығу жиыны туралы айтып өтсеңіз

Келесі оқу-жаттығу жиыны да Тараз қаласында өтеді. Біз тағы бір 10 күндік жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның барысында футболшыларды қайта қарап, алдыңғы кезеңде назардан тыс қалған ойыншыларға көңіл бөлуіміз мүмкін.

Бұл кезеңде біз үшін ойыншыларды және ұсақ-түйек деп көрінген, бірақ кейбір тұстарды тағы бір мәрте мұқият бағалау өте маңызды.

Клуб басшылығы команданың жайлы жағдайда дайындалуы үшін бар күшін салуда. Қазіргі уақытта келесі жиындарды ұйымдастыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде команданың Түркияға бару мүмкіндігі де қарастырылуда. Ол жерде бізді мықты қарсыластар күтеді. Бұл командаға өз деңгейін тексеруге және чемпионатқа сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Осылайша, алдағы 10 күнді Таразда өткіземіз, ал шамамен 10-15 ақпан аралығында команда толыққанды оқу-жаттығу жиынына аттануы мүмкін.

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер