U-15 командамыздың бас бапкері Самат Орманов Атлетико «Атлетико» академиясына қарсы матч(3:3) туралы өз пікірін білдірді:

-Бұл матч – үш апталық үзілістен кейінгі алғашқы ойын, сондықтан, ойыншыларға қиынға соқты. Оның үстіне, табиғи алаң болғандықтан, ол да бізге қиындық туғызды. Бірқатар ойыншыларымыз түрлі себептермен келе алмағандықтан, ойыншылардың позицияларын ауыстыру керек болды.  

Ойын өте тартысты және эмоцияға толы болды.