QJ League – Жасөспірімдер лигасындағы үш апталық үзілістен кейін «Тараз» U-15 командасының бас бапкері Самат Орманов алдағы матч пен команданың дайындығы туралы пікірімен бөлісті.

 

— Үш апталық үзілістен кейін чемпионатты қайта жалғастыруға кірісіп жатырмыз. Соған тыңғылықты дайындалудамыз. Келесі қарсыласымыз – «Атлетико Мадрид» академиясы. Командамызда аздаған кадрлық мәселелер бар, соған қарамастан, жақсы нәтиже көрсетіп, ұпай аламыз деген сенімдеміз.

 

Барлық командаларды жарыстың қайта жалғасуымен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға сәттілік тілеймін! — деді Самат Орманов.