Бірінші лиганың 7 туры аясында «Тараз» сырт алаңда «Хан Тәңірі» клубымен ойнады. Турнир кестесінде «көрші» орналасқан командалардың кездесуі тартысты өтті.

Алаң иелері алматылық ұжым бірінші таймда бірқатар өткір шаубылдар ұйымдастырып, қақпадан саңылау табуға ұмтылды. Бірде қақпашы құтқарса, бірде қорғаушылар өз міндетін мүлтіксіз атқаруға тырысты. Ұрымтал тұстың бірінде қарсылас команда қарымта шабуылға шығып, оң қапталдан айып алаңына ентелей еніп, пас шығарған. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеген «Хан Тәңірі» ойыншысы Әлішер Рахымжанов 21 минутта матч есебін ашты.

Кездесу жауын астында өткеніне қарамастан, футболшыларға кедергі келтіре қоймады. Керісінше, командалар шабуылға жиі иек артып, жылдам футболдың үлгісін көрсетуге тырысты. Тайм соңына таман тараздықтар басымдық байқатып, Әлішер Сүлей гол соғатын сәт орын алды. Нәтижесінде Әлішердің пасынан кейін доп Элер Рахимовтың басынан табылып, ол оны голға айналдырды. Бұл Э.Рахимовтың чемпионаттағы екінші голы.

Екінші таймда бапкерлер тың ойыншыларды алмастырып, ойын мәнерін түрлендіруге тырысты. Матчта «Тараз» қақпашысы Жандар Жанғалиев 9 мәрте сейф жасады. Бая-аяғы қос қақпаға 15 тура соққы тебілді. Дегенмен, таблодағы көрсеткіш 1-1 есебінен өзгермеді.

7 турдан кейін екі команда да 8 ұпай еншіледі. Келесі матч 29 мамыр күні «Орталық» стадионда өтеді. Өз алаңымызда павлодарлық «Ертісті» қабылдаймыз.

 

  • Первая лига 2025
    21-08-2025 17:00
    Тараз
    Хан-Тенгри
  • Первая лига 2025
    28-08-2025 17:00
    Иртыш
    Тараз
  • Первая лига 2025
    11-09-2025 17:00
    Тараз
    Экибастуз
  • Первая лига 2025
    18-09-2025 17:00
    Актобе М
    Тараз
  • Первая лига 2025
    25-09-2025 17:00
    Тараз
    Кайрат-Жастар

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер