Freedom QJ League U-15 чемпионатының 9-туры аясында «Тараз» U-15 командасы сырт алаңда «Ордабасы» U-15 ұжымымен кездесті. Тартысты өткен матчта алаң иелері 5:2 есебімен басым түсті. «Тараз» сапынан Давид Лим мен Тамерлан Қыдырәлі гол авторлары атанды.

Кездесуде «Тараз» U-15 командасының бастапқы құрамында Арнұр Батырбай капитандық міндетті атқарды. Сондай-ақ бапкерлер штабы ойын барысында бірнеше ойыншыға мүмкіндік беріп, құрамда өзгерістер жасады.

Команда келесі турларда сәтті нәтиже көрсету үшін дайындық жұмыстарын жалғастырады.