Freedom QJ League чемпионатының 22-туры аясында «Тараз» U-15 командасы өз алаңында Алматының «Қайрат» ұжымын қабылдады.

Тараз қаласындағы «Жастар» стадионында өткен кездесуде қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың 21-минутында Абылай Тұрсын есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Араға он минут салып, алматылықтар пенальти орындау мүмкіндігіне ие болды. Ақ нүктеге келген Абылай Тұрсын соққысын дәл бағыттап, өзінің екінші голын соқты. Осылайша, бірінші тайм 0:2 есебімен аяқталды.

Екінші таймда тараздық жас футболшылар есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, қарсылас қорғанысын бұза алмады. Ал 78-минутта Даниал Досет «Қайраттың» үшінші голын соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, «Тараз» U-15 командасы 22-турда өз алаңында қарсыласына жол берді

▲