Freedom QJ League чемпионатының 20-туры аясында «Тараз» U-15 командасы өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» U-15 ұжымын қабылдады.
Тараз қаласындағы «Жастар» стадионында өткен кездесуде қарсылас команда 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчтағы жалғыз гол 34-минутта соғылды. «Ордабасы» ойыншысы Әбумансур Турсун мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
Ойынның қалған бөлігінде тараздық жас футболшылар есепті өзгертуге тырысқанымен, көздеген мақсаттарына жете алмады. Кездесу 0:1 есебімен аяқталды