Freedom QJ League чемпионатының 22-туры аясында «Тараз» U-16 командасы өз алаңында Алматының «Қайрат» ұжымын қабылдады.
Тараз қаласындағы «Жастар» стадионында өткен кездесуде қонақтар 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчтың 18-минутында Айбек Айдосұлы есеп ашты. Араға жеті минут салып, ол тараздықтар қақпасына екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Ал 33-минутта Шыңғыс Асаналиев есеп айырмасын арттырды. Осылайша, бірінші тайм 0:3 есебімен аяқталды.
Екінші таймда да алматылықтар шабуылдарын жалғастырды. 64-минутта Дастан Рүстем қарсылас қақпасынан саңылау тапса, 76-минутта Азамат Құттымұрат матчтың соңғы голын соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі