Freedom QJ League чемпионатының 20-туры аясында «Тараз» U-16 командасы өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» U-16 ұжымын қабылдады.
Тараз қаласындағы «Жастар» стадионында өткен кездесуде қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы таймның соңғы минутында Нұрсұлтан Шералы есеп ашып, «Ордабасыны» алға шығарды. Үзілістен кейін тараздықтардың жағдайы қиындай түсті. 45-минутта Абай Тоқтасын екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
Сан басымдығын пайдаланған қонақтар кездесудің соңғы сәттерінде есепті ұлғайтты. Қосымша уақытта Рамазан Келесхан гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Осылайша, «Тараз» U-16 командасы өз алаңында қарсыласына 0:2 есебімен жол берді