Freedom QJ League чемпионатының 21-туры аясында «Тараз» U-17 командасы өз алаңында Ақтаудың «Каспий» U-17 ұжымын қабылдады.
«Жастар» стадионында өткен тартысты кездесуде алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Матчтың 6-минутында қонақтар есеп ашқанымен, тараздықтар көп ұзамай таразы басын теңестірді. 14-минутта Арслан Жылысбек мергендік танытты. Араға алты минут салып, Владимир Федотов «Таразды» алға шығарды. Бірінші тайм 2:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймда да жерлестеріміз шабуылдарын жалғастырып, 78-минутта Мухаммадали Нуруллаев қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Осылайша, тараздықтар есепті 3:1-ге жеткізіп, кездесудегі жеңісті түпкілікті бекітті.
Нәтижесінде «Тараз» U-17 командасы 21-турда өз жанкүйерлерінің алдында үш ұпайға қол жеткізді