U-18 командамыз Freedom QJ League 19-туры аясында өз алаңымызда «Қайсармен» кездесті. 

Кездесу тараздықтардың басымдығымен өтті. «Тараз»-U18 шабуылда белсенділік танытып, қарсылас қақпасына бірнеше мәрте қауіп төндірді. Алайда жасалған шабуылдардың бірін голға айналдыру мүмкін болмады.

Ал қарсылас команда аздаған қарымта шабуылдарының бірінде есеп ашып, кездесудегі жалғыз голын соқты. Қалған уақытта тараздықтар есепті теңестіруге тырысқанымен, нәтижені өзгерте алмады.

Осылайша, «Тараз»-U18 өз алаңымызда «Қайсар»-U18 командасына 0:1 есебімен жол берді.

Ұлттық құрамалар мен жасөспірімдер құрамаларының матчтарына байланысты Freedom QJ League-де үзіліс орнады. «Тараз»-U18 келесі кездесуін 11 қазанда сырт алаңда «Ордабасы»-U18 командасына қарсы өткізеді

▲