Freedom QJ League чемпионатының 21-туры аясында «Тараз» командасы өз алаңында Ақтаудың «Каспий» ұжымын қабылдады. Тартысты өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

«Жастар» стадионында өткен матчтың алғашқы таймында алаң иелері басымдық танытып, 30-минутта Расул Нұрманбай есеп ашты. Осылайша, командалар үзіліске «Тараздың» минималды басымдығымен аттанды.

Екінші таймда да тараздықтар шабуылдарын жалғастырып, 71-минутта Билял Садыков есеп айырмасын арттырды. Алайда ойынның соңғы бөлігінде қонақтар таразы басын теңестіре алды. 87-минутта Рахат Джиенбаев есепті қысқартса, 89-минутта Шахмардан Демесін «Каспийге» тең есепті сыйлады.

Нәтижесінде «Тараз» екі голдық басымдығын сақтап қала алмай, кездесуді тең аяқтады

▲