«Тараз» футбол орталығының U-16 командасының жас ойыншыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Дәріс барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың негізгі себептері мен оның салдары, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме берілді. Сондай-ақ заң талаптарын сақтау, жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында жас футболшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.
Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.