Freedom QJ League аясындағы 8-тур матчында «Тараз» сырт алаңда «Қайсармен» кездесті. Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өткен кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Матчтың алғашқы бөлігінде қос команда да шабуыл ұйымдастыруға тырысқанымен, есепті 36-минутта «Қайсар» сапындағы Мәди Жеңісұлы ашты. Үзіліске дейін тараздықтар таразы басын теңестіруге мүмкіндік іздегенімен, бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.
Екінші таймның басында, 52-минутта, Ернар Парда алаң иелерінің басымдығын екі допқа жеткізді. Осыдан кейін «Тараз» шабуылдарын үдетіп, ойынға тың күштер қосты.
82-минутта алаңға шыққан Данияр Баймахан араға небәрі бірнеше секунд салып, өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда матчтың қалған уақытында тараздықтар таразы басын теңестіре алмады.
Осылайша, кездесу «Қайсардың» 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды