«Тараз» футбол орталығының 2009–2013 жылдары туған ойыншылары Freedom QJ League спорттық сараптама бөлімінің сарапшы-аналитиктері өткізген тестілеуге қатысып жатыр.

 

Бүгін тестілеуден U-18, U-16 және U-15 командаларының ойыншылары өтті. Ал ертең U-17 және U-14 командаларының жас футболшылары тестілеуге қатысады.

 

Тестілеу барысында жас футболшылардың көрсеткіштері арнайы әдістеме негізінде бағаланады. Жиын аясында мамандар ойыншылардың дайындығын саралап, олардың қазіргі көрсеткіштері бойынша тиісті мәліметтер жинақтауда.

 

Мұндай сараптамалық жұмыстар жас футболшылардың даму динамикасын бақылап, олардың дайындық деңгейін жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді

▲