Шымкентте 2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан кубогы аяқталды. «Тараз» ФО командасы талайды таң қалдырып, кубок иегері атанды. Финалдық этаптың топтық кезеңінде «Шахтерді» 5:1 есебімен ұтқан жерлестеріміз екінші ойында ел чемпионы «Қайратты» 1:0 есебімен жеңді. Жеке кездесулердің нәтижесіне қарайтын болғандықтан, тараздықтар топтық кезеңнің соңғы туры алдында финалға жолдама алып қойды.

Сондықтан, ештеңе шешпейтін «Ақтөбеге» қарсы кездесуде 3:1 есебімен жол беріп қойды. Біздің жігіттер финалда чемпионаттың күміс жүлдегері «Ордабасыны» қапы қалдырып, үлкен ерлік жасады! Финалда шымкенттіктермен жолыққан біздің жігіттер негізгі уақытта 1:1 есебімен тең тарқасты. Бірінші таймда біздің жігіттер есеп ашқанымен, ойын соңына қарай алаң иелері таразы басын тең қылды. Қосымша уақыт соңында қақпамызға пенальти белгіленгенімен, Нұрмамбет Оңласын оны қайтара алды және пенальтилер сериясында да өз командасына көмектесті – есеп 5:4! Тараздықтар ерлік жасап, тамаша нәтижеге қол жеткізді!

«Тараз» ФК басшылығы мен ойыншылары «Тараз» U-17-нің Қазақстан кубогындағы жарқын жеңісімен құттықтайды!

-Бұл команданың бапкерлерінің үлкен еңбегі деп білемін. Біз ел чемпионы «Қайратты» да, күміс жүлдегер «Ордабасыны» да жеңе алатынымызға сендік. Дегенмен, команданың бұл жеңісі мақтауға лайық! Финалдық кезеңге дайындық барысында барлық жағдайды жасауға тырыстық. Жігіттер жарады, олардың үлкен шеберге айналуына мүмкіндіктері бар! ФО басшылығы мен барлық бапкерлерін осы жетістікпен құттықтаймын! Біздің футбол орталығымыздан үнемі футболшылар жағдайы жақсы басқа клубтарға ауысатынына қарамастан, жергілікті таланттар да турнирлерде жеңіске жете алатынын дәлелдеді, - дейді ФК басшысы Жандос Ахметов

 

  • Первая лига 2025
    12-06-2025 17:00
    Экибастуз
    Тараз
  • Первая лига 2025
    19-06-2025 19:00
    Тараз
    Актобе М
  • Первая лига 2025
    26-06-2025 17:00
    Кайрат-Жастар
    Тараз
  • Первая лига 2025
    04-07-2025 19:00
    Тараз
    Шахтер
  • Первая лига 2025
    10-07-2025 17:00
    AKAS
    Тараз
  • Первая лига 2025
    17-07-2025 17:00
    Тараз
    Академия Онтустик
  • Первая лига 2025
    24-07-2025 17:00
    Алтай
    Тараз
  • Первая лига 2025
    31-07-2025 17:00
    Каспий
    Тараз

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер