Бірінші Лиганың 9-туры аясында біздің командамыз сырт алаңда «Екібастұз» ФК-мен кездесті.
Нұрмат Мирзабаев баптайтын «Тараз» кадрлік қиындықтарға байланысты бұл кездесуге аз ойыншымен қатысуға мәжбүр болған еді. Матч алма-кезек шабуылдармен басталған. Алаң иелері 14-минутта кездесудегі алғашқы голды соқты. Тайм соңына қарай қос ұжым бір нәтижелі соққымен алмасты. 37-минут түгесер шақта жамбылдықтар сапынан Нұрдәулет Байбосынов есепті теңестірсе, араға бес минут салып, алаң иелері тағы да есепке өзгеріс енгізді.
Екінші бөлікте командамыз сапынан алаңға тың ойыншылар шығып, шабуылға қан жүгірткендей болған. Дегенмен, Павлодар облысының ұжымы шабуылдағы мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, тағы екі гол соқты. Қорытынды есеп – 4:1.
Біздің жігіттер келесі матчын 20 маусым күні өз алаңымызда «Ақтөбе» жастарына қарсы өткізбек