Жамбыл футболының түлегі, «Тараз» сапында Қазақстан чемпионы атанған Нұрмат Мырзабаев команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Нұрмат Нарманұлы 1972 жылы 11 қарашада дүниеге келген. Кәсіби футболшы ретінде «Тараз», «Ертіс», «Есіл», «Ақтөбе» секілді командаларда 301 матч өткізіп, 34 гол соққан. Қазақстан ұлттық құрамасында 16 ойында 1 мәрте мергендік танытқан.
2006 жылдан бастап бапкерлік қызметке кірісті. Мансабында жаттықтырушы, бас бапкер міндетін атқарушы, бас бапкер болған. Осы күнге дейін «Тараз» футбол орталығында QJ League командаларының үйлестірушісі лауазымын атқарды.