Бірінші лиганың 12 туры аясында «Тараз» өз алаңында көшбасшы команданың бірін қабылдады. Турнир кестесінде үздік үштікте келе жатқан қарағандылық «Шахтер» командасымен кездесті.
Матчтың алғашқы минутынан бастап «Тараз» ойыншылары жинақы ойнады. Ұрымтал тұстың бірінде оң қапталдан Жамбыл Мерей әуелетіп пас асырды. Пасты баспен қақпаға бағыттаған Абзал Мұқанбетжанов ойында есеп ашты. Көп ұзамай Еркебұлан Тойбек те айып алаңына пас жеткізіп, оны да Абзал тиімді пайдаланды. Бірінші таймның есебі 2-0 болып аяқталды.
Екінші таймда бас бапкер Абзалды Санжар Кемелбекпен алмастырды. Және ол өз жемісін берген сәтті ойыншы алмастыру болды. Матчтың 77, 84 минуттарында екі рет мергендігімен көзге түсті. Одан бөлек Нұрдәулет Байбосынов Ерасыл Кеулімжайдың да есепті еселейтін тамаша мүмкіндіктері болды. Бірақ «Шахтердің» тәжірибелі қақпашысы Игорь Шацкий голдан құтқарып жатты.
Жалпы матчта алаңға шыққан тараздық ойыншылардың барлығы жақсы мәнерде өнер көрсетті. Бұл жеңіс командалық рухтың көтерілуіне қажет жеңім болды деуге толық негіз бар.