+7 (7262) 45-36-59

Төмендегі футболшылар биылғы футбол маусымының соңына дейін клубпен келісім шартқа қол қойды: 

Ерасыл Кеулімжай, Мүслім Жұмат, Азамат Ерден, Әділет Өмей, Санжар Кемелбек, Диас Лесбек, Мадияр Мергенбаев, Мирас Жақсымбетов, Мерей Жамбыл, Еркебұлан Рахметулла, Жандос Өмірзақов, Темірлан Төребек.

Ал, Нұрдәулет Орынбасар, Димаш Серікұлы және Абзал Мұқанбетжановтардың келісім шарты былтыр бірден екі жылға жазылған.

Команда бас бапкерінің міндетін атқарушы Нұркен Мазбаев әлі бірқатар ойыншы команда құрамын толықтырады дейді. – «Қаралымда жүрген жас ойыншылармен қатар тәжірибелі футболшылар да бар. Әлішер Сүлей, Жақып Қожамберді, Мадияр Нұралы және Бектас Нұрдәулет командамен жаттығуда. Сондай-ақ QJ League командаларынан бірнеше ойыншыны қарастырудамыз. Жаңа футболшыларды тіркеу үшін салынған тыйымды алу мәселесі реттелсе, құрамды күшейту жоспарымызда бар», - деді Н.Мазбаев.

Айта кетейік, ертең командамыз сағат 12:00-де “Жастар” стадионында Қырғызстан астанасы Бішкектен келген “Талант” клубымен кім мықтыны анықтайды. Аталған кездесуге кез-келген жанкүйер келіп, өз қолдауын көрсете алады. Сол себептен, фанаттарды маусым алдындағы маңызды ойындарда командамен бірге болуға шақырамыз! 

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Елимай 23 67
2 Туран 24 59
3 Женис 25 51
4 Акжайык 24 48
5 Кыран 23 39
6 Хан-Тенгри 23 32
7 Жас Кыран 25 31
8 Кайрат-Жастар 24 28
9 Туркестан 24 28
10 Арыс 24 26
11 Экибастуз 24 25
12 Тараз 25 24
13 Оңтүстік 24 20
14 Актобе М 24 20
15 Астана М 24 19

Вторая лига

Юго-Запад

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Жетысай 18 39
2 Кайсар М 17 36
3 Иле-Саулет 18 32
4 Оңтүстік М 18 29
5 Атырау М 18 28
6 AKAS 18 27
7 Мактаарал М 18 18
8 Ордабасы М 18 15
9 Каспий М 19 12
10 Тараз М 18 11

Серіктестер