Бірінші лиганың 10 туры шеңберінде «Тараз» өз алаңында «Ақтөбе-Ж» командасын қабылдады. Турнирлік кестеде қатар орналасқан футбол ұжымдары жеңіске жету үшін барын салды.

Алғашқы таймнан бастап алаң қонақтарының қақпасын нысанаға алған жамбылдықтар өткір шабуылдар ұйымдастырды. Ұрымтал тұстың бірінде Темірлан Төребектен рас алған Димаш Серікұлы матчта есеп ашып, «Таразды» алға шығарды.

Қарымта шабуылға иек артқан «қонақтар» тайм бел ортасынан ауғанда таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші таймда ойынға тыңнан қосылған Мүслім Жұмат белсенділік танытып, әдемі голдың авторы атанды. Бұл гол осы турдың үздік голдарының бірі болатыны анық.

Бірақ қарсылас оңай берілмейтінін байқатып, ара-тұра нәтижелі соққы жасауға тырысты. Соның арқасында қос гол соғып, есепте алға шықты.

Дегенмен жігіттер жамбылдық мінез танытып, қауіпті сәттер мен соққылар жасады. 90 минут болғанда Мерей Жамбыл өзіне жауапкершілік алып, мол сенімділікпен соққы жасады. Соққы керемет голға айналды. Стадионға жиналған көрермендер «Пушкаш сыйлығына лайық» десіп жатты.

Қосымша уақытта жеңіске жететін бірнеше мүмкіндік болғанымен, матч 3-3 есебімен аяқталды.

  • Первая лига 2025
    17-07-2025 17:00
    Тараз
    Академия Онтустик
  • Первая лига 2025
    24-07-2025 17:00
    Алтай
    Тараз
  • Первая лига 2025
    31-07-2025 17:00
    Каспий
    Тараз
  • Первая лига 2025
    07-08-2025 17:00
    Тараз
    Туркестан
  • Первая лига 2025
    14-08-2025 17:00
    SD Family
    Тараз
  • Первая лига 2025
    21-08-2025 17:00
    Тараз
    Хан-Тенгри
  • Первая лига 2025
    28-08-2025 17:00
    Иртыш
    Тараз
  • Первая лига 2025
    11-09-2025 17:00
    Тараз
    Экибастуз

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер