+7 (7262) 45-36-59

Жаңа маусымға дайындық барысында команда 20 ақпан мен 4 наурыз аралығында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

ОЖЖ-ға келісім-шартқа отырған ойыншылардан бөлек, басқа да футболшылар қатысады. 

23 ақпан «Екібастұз» (1-лига), 26 ақпан күні «Оқжетпес» (ҚПЛ) командаларымен жолдастық матч өткізу жоспарланған. 

Сонымен қатар, тағы екі командамен кездесу ұйымдастыру бойынша келісім жүргізілуде.

Айта кетейік, тараздық ойыншылар Асылбек Асан «Қызылжар», Арсен Әшірбек «Оқжетпес», Диас Орынбасар «Жетісу» командаларының оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Ал Дәулет Затыбеков кәсіби мансабын футзалда жалғастырмақ. 

Еске салсақ, 8 ақпан күні «Тараз» Шымкенттегі «БИІК» стадионында «Алтайға» қарсы сырт алаңдағы жолдастық кездесуін өткізді. Бір күндік жиын қорытындысы бойынша біздің команда Өскеменнен келген футболшыларға минималды есеппен жеңілді (0:1). Матч барысында «Тараз» қақпасына тәжірибелі Сергей Хижниченко гол соғып, мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, командамыз екінші рет Жамбыл жерінен тысқары аумақта жаттығу жиындарын өткізбекші.

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Елимай 23 67
2 Туран 24 59
3 Женис 25 51
4 Акжайык 24 48
5 Кыран 23 39
6 Хан-Тенгри 23 32
7 Жас Кыран 25 31
8 Кайрат-Жастар 24 28
9 Туркестан 24 28
10 Арыс 24 26
11 Экибастуз 24 25
12 Тараз 25 24
13 Оңтүстік 24 20
14 Актобе М 24 20
15 Астана М 24 19

Вторая лига

Юго-Запад

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Жетысай 18 39
2 Кайсар М 17 36
3 Иле-Саулет 18 32
4 Оңтүстік М 18 29
5 Атырау М 18 28
6 AKAS 18 27
7 Мактаарал М 18 18
8 Ордабасы М 18 15
9 Каспий М 19 12
10 Тараз М 18 11

Серіктестер