Таразда, «Жастар» стадионында 2007-2008 жылғы қыздар арасында футболдан ҚР біріншілігінің екінші іріктеу кезеңі өтіп жатыр.
12 команда бақ сынап жатқан бәсекеде әр ұжым 6 матчан өткізбек. Алаң иелері – «Тараз» осы жылы құрамын жаңартқан. Дей тұрғанмен, қыздарымыз әр кездесу лайықты ойын көрсетуге тырысып жатыр. Осы уақытқа дейін жерлестеріміз 2:6 есебімен «Ақтөбеге» ұтылды(қос голдың авторы Ангелина Ким), одан бөлек 0:2 есебімен «Каспийден» айласын асыра алмады. Үшінші матчта, тартыс ойын болып, біздің қыздар «Қайсарға» 1:2 есебімен жол берді, голды пенальтиден Ангелина Ким соқты.
Тараздағы ойындар 10 шілдеге дейін жалғаспақ.
«Тараз» ФО баспасөз қызметі