Кеше, 17 ақпан күні Астанада Қазақстан футбол Федерациясының президенті Марат Омаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Онда қазақ футболының дамуы, негізгі стратегиялық бағыттар жайлы баяндалды.
ҚФФ басшысы өз сөзінде алдағы уақытта Республикамыздың үш қаласында (Тараз, Қарағанды және Астана, Алматы, Алатау қалаларының біріне) футбол академиясының іргетасы қаланады деп жоспарланған.
Қазіргі таңда Таразда жергілікті жас футболшыларға арналып, 1 футбол орталығы қызмет көрсетуде. Мұнда 300-ден астам спортшы жаттығып, біліктілігін арттыруда. Алдағы уақытта Федерация тарапынан тілге тиек етілген академия жобасы оңтүстік өңірде қолдау тапса, онда Таразда футболға қызыққан жастардың қатары көбейетіні анық.
Жалпы Қазақстан бойынша “Қайрат” футбол клубының академиясын ең озық үлгіде соғылған спорттық нысан ретінде санауымызға себеп жоқ емес. Алматылық ұжымның бір басында Сергей Квочкин, Тимур Сегізбаев және Естафий Пехлеваниди атындағы селекциялық бөлімдері бар. Үш академияны қосқанда, барлығы 1000-нан астам шәкірт тәрбиеленуде. Егерде Республикамыздың түпкір-түпкіріне осындай заманауи спорттық нысандар тұрғызалатын болса, жасөспірімдер футболында бәсекелестік артады. Онымен қоса, Дастан Сәтбаевтай ойыншылар тек “Қайраттың” академиясында шығуымен ғана шектеліп қалмайды.