Кәсіпқой футбол клубының директоры қызметіне Сыдықбек Дидар Бақытбекұлы тағайындалды.
«Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 аспандағы №70 бұйрығының 24-тармағына және «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №272 бұйрығына сәйкес, Дидар Бақытбекұлы Сыдықбек Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен «Тараз» кәсіпқой футбол клубы» КМҚК басшысы лауазымына тағайындалды
Ол 1993 жылы Алматыда дүниеге келген. Кәсіпқой деңгейде футболшы ретінде әр жылдары «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе», «Ордабасы» секілді командаларда ойнады.
Қазақстан жасөспірімдер (U-17, U-19) және жастар (U-21) командаларына да жиі шақырту алып, құрама жейдесінде өнер көрсетті.
2012 жылы Қазақстан кәсіпқой бірінші лигасының үздік жас ойыншысы атанды.
Футболшы мансабын аяқтаған соң «Прогресс KZ» жол компаниясының талдау бөлімінің жетекшісі, Президент істері басқармасы жанындағы «ИТЦ» АҚ бақылау қызметінің басшысы, «Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев — Елбасы қоры» Жобалық кеңсесінің үйлестірушісі лауазымдарын атқарды.
Футбол фунционері жолындағы алғашқы қадамын SD Family Group директоры ретінде бастады. Жеке клуб, стадион және балалар академияларын ашып, сонымен қатар Қазақстан Медиа футбол федерациясының негізін қалады.
ҚФФ жүргізген «Aлаң» инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі ретінде еңбек етті.
2025 жылы «Атырау» футбол клубының бас менеджері қызметін атқарды
Шахтер
Иртыш
Академия Онтустик
"Иртыш" U–18
"Тобол" U–18