«Тараз» ФК капитаны Ерсұлтан Қалдыбеков мансабын «Атырауда» жалғастырмақ. Бұл шешімге басшылық пен ойыншы бірлесе отырып келді.
–Біріншіден, Ерсұлтан командамызда былтырғы жылы және оның алдындағы маусымда өнер көрсеткенін айта кету керек дейді, «Тараз» КФК басшысы Жандос Ахметов. –Клуб Бауыржан Байтана, Абылайхан Жұмабек секілді Ерсұлтанға да қарыз болып қалған еді. Келісім-шартқа сәйкес, футболшы алдында қарыз болса, 10 күн бұрын клубты ескертіп, келісім-шартты бұзуға ойыншының құқығы бар. Бірақ, былтырғы бетке ұстар ойыншылар кеткен соң, аталмыш ойыншыны қалуға көндірдім. Былтырғы құрамның 95%-ы кеткен соң, біз ұжымды өрге сүйрейтін бір-екі жігітті қалдырғымыз келді. Ерсұлтанмен біз еркекше сөз алысып, бірінші айналымнан соң, лайықты ұсыныс болса, жібереміз деп келістік.
Екіншіден, бірінші айналымда Қалдыбеков өзін нағыз көшбасшы ретінде көрсете білді. Оған тек «Атырау» тарапынан ғана емес, ҚПЛ-ға шығуға мақсат қойған «Тұраннан» да ұсыныс болды. Бірақ, біз оның Премьер-лигада өнер көрсеткенін қаладық. Өйткені, ол жастар құрамасының ойыншысы, оған даму керек. «Атыраудың» ұсынысынан кейін, біз ұзақ ойландық, себебі, біз өз тарапымызды да ойлаған едік. Бірақ, шындыққа тура қарасақ, клубтың қазіргі мақсаты – қарыздан құтылу. Біз оның қазіргіден де тәжірибелі болып оралатынына сенеміз.

-Сонда, «Тараз» болашақта қарыздарға қарамастан, ойыншыны өзімізде қалдыруға мүдделі ме?
-Әрине, тек оны ғана емес. Біз Ерсұлтанды жалға бердік. Біз бұдан қаржылай пайда таппаймыз. Бар пайданы бұл клуб пен ойыншының болашағынан көреміз. «Атырауда» Ерсұлтанда ойын тәжірибесі біршама болады деп сенеміз, чемпионатта ол көзге көп түседі деген ойдамын. Тіпті, Ұлттық құрамаға да үміткер атануы мүмкін. Егер, ол өзін-өзін көрсете алса, «Атырау» ғана емес, Премьер-лиганың кез-келген клубы оны қомақты қаржыға сатып ала алады. Бірақ, біз биыл қарыздардан құтылып, ойыншыларды тіркеуге мүмкіндік алсақ, басқа футболшыларды қатарымызға қосып, тәжірибе мен жастықтың тоғысқан клубына айналғымыз келеді.

-Кей жанкүйерлер капитансыз клубымыз Екінші Лигаға да түсіп қалмас па екен деп қауіптенуде
-Қазіргі бар ойыншылармен төмен түсіп қалмасымызға сенімдімін. Бізде, лидерлермен тең дәреже ойнай аламыз. Алдыңғы қатардағы «Елімай» мен «Тұран» бізді минималды есеппен ғана ұта алды. Бізде мүмкіндік болғанымен, жігіттерде тәжірибе жетіспеген еді. Ашығын айтқанда, бізде Ерсұлтаннан басқа, бірқатар футболшыларымызға да ұсыныс бар.

-Олар Ерсұлтанды лайықты түрде алмастыра алады ма?
-Жұмыс жасауын тоқтатпаса, олар да осындай шеберге айналуы әбден мүмкін. Бізге жарты маусым ішінде Ерсұлтанды Премьер-лига деңгейіне көтеру қолымыздан келді. Бізде таланттар көп. Жоғары дивизион ұжымдары бекерден-бекер біздің жігіттерге көз салмайды ғой. Өйткені, Тараз – таланттер мекені. Былтыр Мұхаммеджан Сейсен мен Абылайхан Жұмабек отандық грандтарға ауысты, енді Ерсұлтан да Премьер-лигада ойнауға мүмкіндік алды. Осы орайда, жанкүйерлерге айтарым: қазір клубымыз қиын кезеңді өткеруде, кішкене шыдамдылық таныту қажет. Бірақ, бізде де жаңа көшбасшылар мен мақсаттар пайда болады. Біз оған сенеміз!

 

  • Первая лига 2025
    23-05-2025
    Хан-Тенгри
    Тараз
  • Первая лига 2025
    29-05-2025
    Тараз
    Иртыш
  • Первая лига 2025
    12-06-2025 17:00
    Экибастуз
    Тараз
  • Первая лига 2025
    19-06-2025 19:00
    Тараз
    Актобе М
  • Первая лига 2025
    26-06-2025 17:00
    Кайрат-Жастар
    Тараз
  • Первая лига 2025
    04-07-2025 19:00
    Тараз
    Шахтер
  • Первая лига 2025
    10-07-2025 17:00
    AKAS
    Тараз
  • Первая лига 2025
    17-07-2025 17:00
    Тараз
    Академия Онтустик

Турнирная таблица

Ранг Команды Сыграно Очки
1 Каспий 9 24
2 Шахтер 9 20
3 Алтай 9 20
4 Иртыш 9 18
5 AKAS 9 13
6 Академия Онтустик 9 13
7 Жетысай 9 13
8 SD Family 9 13
9 Хан-Тенгри 9 11
10 Кайрат-Жастар 9 10
11 Экибастуз 9 9
12 Тараз 9 8
13 Актобе М 9 3
14 Туркестан 9 3

QJ LEAGUE

Ранг Команды Сыграно Очки
1 "Кайрат" U–18 6 18
2 "Иртыш" U–18 6 12
3 "Шахтёр" U–18 6 11
4 "Астана" U–18 6 11
5 "Жас Кыран" U–18 6 10
6 "Ордабасы" U–18 6 9
7 "Атырау" U–18 6 9
8 "Тараз" U–18 6 8
9 "Актобе" U–18 6 4
10 "Кайсар" U–18 6 4
11 "Тобол" U–18 6 2
12 "Каспий" U–18 6 0

Серіктестер