«Тараздың» 17 жасар дебютанты Санжар Кемелбек команда сапындағы алғашқы голын салып қана қоймай, маңызды жеңіс сыйлай білді. Ол өз ойымен клубтың баспасөз қызметіне бөлісті.
-Санжар, сен және команда үшін ойын қалай болды?
-Матч мен үшін де, ұжым үшін де қиынға соқты. Бірақ, біз бапкерлердің нұсқауының арқасында ойынға дайын болдық. Әрине, мен үшін алғашқы ойын ауыр болды, бірақ бапкерлердің сенімінің арқасында, өз-өзіме сене білдім.
-Команда сапындағы алғашқы голыңыз құтты болсын! Бұл туралы не айтасыз?
-Әлбетте, гол команданың арқасы. Шешуші голды мен соққаныма қуаныштымын. Туған командам сапында жеңіс голын соғуды үнемі армандайтынмын!
-Командадағы атмосфера қай деңгейде?
-Өте керемет. Командада мені құшақ жайып қарсы алуы, қолдауы қатты ұнады. Алға қойылған мақсаттарға жететінімізге сенемін.